19:26
Ойлау және сөйлеу

СӨЙЛЕУ ЕРЕЖЕСІ: КІРІСПЕ, НЕГІЗГІ ОЙ, ҚОРЫТЫНДЫ

Адам белгілі ережеге бағынған сәтте оның ойға алған кез келген әрекеті дұрыс бағытта қалыптасады. Мысалы, жол ережесіне бағынған көлік жүргізуші ешқандай кедергіге тап болмайды. Ал егер жолдың талаптары мен ережесіне бағынбаған адам айыппұл төлеуі мүмкін немесе жол апатына, қиын жағдайға ұшырауы да мүмкін. Тура сол сиқты өмір сүрудің, жүріп-тұрудың өзіндік ережелері бар.

Ал сөйлеу тақырыбындағы басты талаптар қандай? Ол сөздің жүйелі әрі дұрыс құралып, адамға түсінікті жеткізілуі үшін сақталу керек шарттар. Қазақ тілі – өте бай әрі әуезді тіл. Оның жазылу, сөйлеу барысындағы емлесі дұрыс сақталса, адам ойы да анық жетеді.

Сөйлемес бұрын ойдың басы, ортасы, аяғы болуы заңдылық. Оны кіріспе, негізгі ой және қорытынды деп атаймыз. Сөйлемес бұрын адамда ой пайда болады. Демек, оны сыртқа білдірместен бұрын айтар ойыңызды іштей жүйелеп алсаңыз, бұл дайындық сізді жаңылдырмайды.

Ережеге бағыну сізді:

  • Көп сөзділіктен сақтайды;
  • Ойды нақты жеткізуге көмек береді,
  • Айтылған ақпарат тыңдаушының есінде ұзақ сақталады.

Кіріспе – сіз айтар әңгіменің бастамасы, яғни ол тұтас айтар ойыңыздың көрінісі болған соң, сәтті бастау керек. Сізді тыңдаушы ары қарай не айтар екен деген қызығушылықпен тыңдау үшін кіріспенің маңызы зор.

Кіріспенің талабы:

  • Қызықтыру;
  • Қысқа баяндау;
  • Айтар ойдың ең қажетті элементтеріне назар аударту.

Негізгі ой – сіздегі нақты ұсыныстың, жұмыстың, айтар ойдың түпкі қазығы. Кіріспе басталып, негізгі ой, яғни шарықтау шегіне жалғасқанда адамның ерекше ынтасы ауып, сізді тыңдап отырғанда өзіне пайдалы ақпарат алып, бас изеп ишара жасап, әңгіменің қызығына енеді. Демек, бұл бөлікте сіз ең маңызды ақпараттарды бөлісесіз. Дәл кітапты оқып бастағанда кіріспесі баурап алып, негізгі бөлімі қызықтырып, қорытындысы сәтті аяқталып үлкен әсер сыйласа, жазушыға деген құрмет артып, шеберлігіне тәнті болып, талай елге айтып, кітапты біраз уақыт естен шығара алмайтын ғажап әсерде жүреміз. Тура солай сіздің де әңгімеңіз көптің көңілінде қалсын десеңіз, басы, ортасы әрі ерекше әсерлі қорытындысы болуын назарды ұстаңыз.

Қорытынды ой – сіздің айтып жатқан тақырыбыңыздың немесе әңгіменің аяғы, яғни тоқетері. Көп ойды айтып келіп, қорытынды қызықсыз, пайдасыз болмас үшін айтылған әңгіменің әсерін тыңдаушыдан сұрауды ұмытып кетпеңіз. «Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Алып-қосар пікіріңіз бен ұсыныс-тілектеріңіз болса, сауалдарыңызға да жауап берейін» деген сөздерді қолдана отырып, тыңдаушыға да сөйлеу үшін мүмкіндік беріңіз. Қортынды ой – тек сіздің қозғаған әңгімеңізді ғана емес, сіз және сіздің сөзсаптауыңызға деген баға беретін кезең.

Міне, осы үш бөлікке назар салып, мұқият болған жөн. Тақырып бастап, көпшілік алдында сөз сөйлеу үшін жоғарыда атап кеткен шарттарды орындасаңыздар, бәрі де сәтімен боларына сеніңіз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 128 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: