18:54 Оқу жетістіктерін сырттай бақылау туралы | |
Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) 2004 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты енгізілді. Бұл рәсім мемлекеттік бақылаудың бүр түрі болып табылды және республикамыздың орта білім беру ұйымдарының 4 пен 9-сыныптарында, жоғары оқу орындарының 2(3) курстарында өткізілді. Министрлік белгілеген төменгі шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс аттестаттауға жататын. Бақылаудың бұл түрі өзінің оң рөлін жәнеөзіне жүктелген міндеттерді атқарды деуге болады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін сәйкес 2011-2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді. ОЖСБ-ны уәкілетті орган жүзеге асырады және білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушыларды жалпыға міндетті білім беру стандарттарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында негізгі мектепте (9(10) сыныптан кейін), жоғары оқу орындарында (4-курста) – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруді мониторингілеу мақсатында іске асырылады. ОЖСБ негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз тасымалдағышта және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізіледі. Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы керек. 9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсіміне міндетті түрде қазақ тілі пәні және уәкілетті органмен жыл сайын белгіленетін, өткізудің алдында ғана белгілі болатын 3 пән енгізіледі. Мұндай шара білім беру ұйымдарында бағдарлама талапқа сай меңгеріліп, оқушылар белгіленген пәндер бойынша ғана емес, барлық пәндерден бірдей дайындалу үшін қажет. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі. Оқыту бағыттары бойынша жоғары білім мамандықтарының және ОЖСБ өткізілетін жоғары оқу орындарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган белгілейді. ОЖСБ-ны өткізу үшін ММББС-ның базалық және бейіндік пәндерінгің циклдары бойынша әзірленген тест тапсырмалары пайдаланылады. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында 4 пән бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі. ОЖСБ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және оның ережелерінің сақталуына бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім саласындағы бақылау департаменттері мен Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады. Тестілеуді өткізуге дайындық кезінде оқушылармен тестілеу материалдарын ресімдеу және тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. МАБ пен ОЖСБ-ның арасындағы ерекше айырмашылық білім беру ұйымдарына қатысты құқықтық салдарлардың болмауы болып табылады. ОЖСБ нәтижелері әрбір білім беру ұйымдарындағы көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы оқушыларды, студенттерді, ата-аналар жұртшылығын кең көлемде хабардар ету үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте, жеткілікті даярлау деңгейін қамтамасыз етпеген білім беру ұйымдары жағдайды өзгерту үшін шұғыл шаралар қабылдайтын болады. | |
|
Всего комментариев: 2 | |
| |