09:05
Құндылық қадамы

ӘДЕПТІЛІК

Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет. Қазақ халқы әдептілікке ерекше мән береді. Әдептілікті тәрбиеліліктің белгісі деп таныған. Жұрт алдында әдепті сақтау – мәдениетті болудың белгісі. Мәдениетті адам ешқашанда дөрекі танытпайды, жат қылық көрсетпейді. «әдептілік ар-ұят, адамдықтың белгісі» деп айтқандай, әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең.

Әдеп – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын талаптар. Адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екенін байқатады.

Әдептілік турашылдық, азғыруға қарсы тұру, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі орынсыз ақтауға қарсы тұру тілегі һәм ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірбандылық, шапағат көрсету, қанағат, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігі, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет қылу, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзінің ғана емес, өзгелердің де тілектерін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық т.с.с. ұғымдарды қамтиды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: