23:07 Құндылық қадамы | |
ЖАУАПКЕРШІЛІК Әңгіме #1 Барлығы 0 теңге Арман 10 жасар бала. Анасының оған берген кейбір үй жұмыстарын орындағысы келмей назданады. Бір күні анасы әдеттегідей үй жұмыстарының кейбіреуін орындауды тапсырады. Көп ұзамай Арман анасына мынадай хат жазады: «Ана, маған үй жұмыстарын жасатқаныңыз үшін төмендегідей қарызың бар: нанға бардым – 100 теңге, бөлмемді жинадым – 50 теңге, «5» алдым – 50 теңге, қоқыс төктім – 100 теңге, компьюетр ойнамадым – 50 теңге, құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым – 50 теңге, киімдерімді реттедім – 100 теңге, кір киімдерімді кіржуғыш машинаға салдым – 50 теңге, ... Барлығы: 550 теңге қарызың бар! уақытысында төлемесеңіз, пайыз қосатынымды айтып қояйын!» Анасы Арманға мынадай жауап жазады: Саған ана сүтін бердім – 0 теңге, түнде қорқып оянғаныңда қасыңда болдым – 0 теңге, тамақ пісірдім – 0 теңге, науқастанғаныңда қасыңнан кетпедім – 0 теңге, түсінбеген сабағыңды түсіндірдім – 0 теңге, көңілсіз болғаныңда қолдаушың болдым – 0 теңге, көңілді болғаныңда бірге қуандым – 0 теңге, сені қандац да болсын жамандықтан қорғауға тырыстым – 0 теңге, сені еркелеттім – 0 теңге, ұнататын заттарыңды сатып алдым – 0 теңге. Арман жазған хатынан ұялып, бұдан былай анасын ренжітпеуге, айтқанын орындауға бар күшін салады.
#2 Бақша ағаштары Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төе өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүреді. - Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы. - Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп отырған. Ал мына ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, - деді атасы. - Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, - деді баласы. - Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтіресің, жақсы түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
