21:56
Құндылық қадамы

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Ұзақ мерзімді іс-шара

#3

Атауы: «Үйдегі басты жауапкершілігім»

Уақыты: 1 апта

Түрі: видео сайыс

Орындалуы: Оқушыларға үйде қандай жауапкершілігі бар іс атқарып жүргендігі жайлы сұралады. Балалар әртүрлі жауап айтуы мүмкін: төсегімді өзім жинаймын, қоқыс төгіп келемін, дүкенге нанға барамын, ит-мысығыма тамақ беремін т.с.с Мұғалім жауаптарын тыңдап болған соң, сол күнделікті жауапты болып жүрген жұмыстары жайлы видео түсіруге тапсырма береді. Ең үздік шыққан видеоларды марапаттайды.

Қорытынды: Бала жасы кіші болса да отбасында үйде белгілі бір жауапкершілігі бар екенін түсінеді. Сонымен қатар, сол жұмыстарды жүйелі орындап отырудың өзі үлкен жауапкершілік екені жайлы түсінік қалыптастырады.

 

 АТА-АНАМЕН ІС-ШАРА

Атауы: Ата-анамен кітап оқу

Уақыты: 1 ай

Түрі: челлендж

Қажетті материалдар: кітап

Орындалуы: Бір ай ішінде ата-ана баласымен күнде жатардың алдында 15 минут кітап оқиды. Бұл челлендждің маңызы аз да болса күнделікті оқу арқылы жақсы әдет қалыптастыру.

Қорытынды: Бұл арқылы оқушы алдына қойған мақсатына жауапкершілікпен қарауға дағдыланады.

 

ҰЖЫММЕН ЖҰМЫС

Атауы: Менің міндетім мен жауапкершілігім

Түрі: дөңгелек үстел

Орындалуы: Ұжымдағы әрбір топ жалпы мекеменің ортақ құндылықтары мен мақсат миссиясын ортаға салып талқылайды.

Қорытынды: Әркім өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, тиімді еңбек етудің ерекшеліктерін сараптайды.

Өзімнің алдымдағы міндетім:

 

Ұжымның алдындағы міндетім:

 

Денсаулығым

 

Қауіпсіздік

 

Білімім

 

Тәртіп

 

Отбасым

Табысым

 

Жұмыс сапасы

 

Адамдармен қарым-қатынасым

 

Ұжыммен қарым-қатынасым

 

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: