11:44
Құндылық қадамы

АДАЛДЫҚ

Әңгіме

 #3 Адалдықтың өтемі

Баяғы бір заманда күйік деген шаһарда бір етікші болыпты. Оның жақын көршісінің Абзал есімді баласы бар екен. Ол бала ата-анасынан жақсы тәрбие алып, ненің жаман, ненің адал екенін үйреніп алады. Үлкендердің айтқанынан шықпайтын тіл алғыш адал, көркем мінезді ұл болып өседі. Өз күшімен еңбек етіп, ата-анасына көмектесу ойымен, етікшінің жанына көмекші болып барады. Ерінбей, жалықпай етікшіліктің бар қыр-сырын үйренеді. Абзал бір күні етікшінің етік жамағанда, үнемі жібін түймейтіндігін байқап қалыпты. аң-таң болған бала етікші ұстазынан мұның мән-сырын сұрайды. Сонда ол:

- Қарағым, етік жамағанда жіпті түймесең, ол етік көп ұзамай қайта жыртылады. Сөйтіп оның иесі оны жаматуға қайта әкеледі. Одан маған жұмыс, бала-шағама нан табылады, - дейді. Сонда Абзал ата-анасының айтқан ізгілік тәрбиесін есіне түсіріп: - Ағатай, бұл дұрыс емес қой, адам кәсібіне адал болуы қажет емес пе?! – дейді. Етікші бұл сөзге құлақ аспай:

- Адалдық адамға нан болмайды ғой! – деп жауап береді. Абзал ұстазымен сөз таластырмайды.

Күндердің бір күнінде бала етікшілік кәсіпті ұстазынан кем білмейтін дәрежеге жетіп, өз бетінше етік тігуге кіріседі. Бірақ, ол етік жамағанда жіпті түйіп тігеді. Арада көп уақыт өтпей-ақ шаһар халқы ісін ұқыпты істейтін етікші туралы естиді. Жұрттың барлығы етіктерін соған жамататын болады. Ал оның ұстазына етік жаматуға мүлде ешкім келмей қояды. Ұстазы мұның мәнісін білмек болып, шәкіртінен сұрайды. Ол: «Кімде-кім өз ісін адал атқарса, оның адал еңбегі берекелі болады», - депті.

 

#4 Адалдық жолы

Бағдат шаһарынан Мәдинаға оқу іздеп шыққан сегіз жасар ұлына анасы:

- Қандай қиын жағдай болса да, ешкімге қиянат жасама, шындықты айтып жүр! – деп ақыл береді. Содан соң қырық дирһам күміс ақшаны шапанының өңіріне тігіп беріпті. Жолда бала ерген керуенді қарақшылар түгел тонап алады. Адамдарды тінтіп, қалталарындағы юарын да сыпырып алады.

Баладан ештеңе де таппайды.

- Сенде ештеңе жоқ па? – деп сұрайды. Ұл шапанынан өңірінде қырық дирһам ақша барын айтады. Расында да, шапанының өңірін сөккенде, сонша ақша жерге төгіледі. Мұны көрген қарашылар:

- Ақымақ бала, айтпасаң, таппайтын едік қой! – деп қарқылдап күліп, мазақ етеді. Бірақ қарақшылардың басшысы:

- Бұл ақымақ емес, біз ақымақпыз, - деп, бүкіл тонаған дүниелерін керуеншілерге қайтарады.

Осыдан кейін олар қиянат жасауларын доғарып, қарақшылықты тастап, адал еңбекпен күн көретін жолға түсіпті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 20 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: