23:15 Құндылық қадамы | |
АДАЛДЫҚ Әңгіме #1 айсұлтанның адалдығы Айсұлтан мейірімді, адал, шыншыл еді. Айсұлтан жәрмеңкені аралап келе жатып, алдында жатқан бір әмиянға көзі түседі. Әмиянды жерден көтеріп алып: - Мынау кімнің әмияны?! Кім жоғалтты?! – деп жар салады. Бұл сөзді естіген жәрмеңкеде жүрген қала жұрты аңтарылып, Айсұлтанға қарап қалады. Осы кезде Айсұлтанды қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария шығып. - Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жиып-терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім тігіп берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам, әмиянды ашып көрші, - дейді. Айсұлтан әмиянды қарап тұрған жұрттың көзінше ашады. Расында да, ішінде гүлді орамалға түйілген алтын теңгелер бар екен. Жоғын тапқан қария қуанып, Айсұлтанға алғысын айтады: - Сен мейірімді, адал жан екенсің. Адал адамның ойы шынайы, ісі игілікті болады, - деп қария ілтипатын білдіреді.
#2 Алтын балта Ертеде бай мен кедей көрші болады. Кедей диірменге барса, байдың балтасын сұрап алады. Бір күні кедей диірменге барып балтасын ағып жатқан диірменге түсіріп алады. Ол диірменшіге балтамды алып бер дейді. Ол қолын диірменге салып бір алтын балтаны алып шығады. Кедейден: - Мынау ма сенің балтаң? – деп сұрайды. Кедей: - Жоқ. Бұл менің балтам емес, - дейді. Диірменші екінші рет қолын салғанда, күміс балтаны сонда диірменші оған: - Мынау ма сенің балтаң? – деп сұрайды. Кедей: - Жоқ. Бұл менің балтам емес, - дейді. Сонда диірменші үшінші рет қолын салғанда бір ағаш балтаны алып шығады. Ол кедейден: - Мынау ма сенің балтаң? – деп сұрайды. Сонда кедей: - Иә, осы менің балтам, - дейді. Сонда диірменші: - Пейілің таза адам екенсің. Сондықтан мына алтын балтаны ал! – дейді. Ол үйіне барып, көршісіне не болғанын айтып берді. Балтаны ағып жатқан суға қалай түсіргенін айтады. Бай кедейдің айтқанының бәрін қайталап істейді. Ол балтасын суға түсіріп, диірменшіге «балтамды алып бер» дейді. Сонда диірменші алтын балтаны алып шығады. Ол байдан: - Мынау ма сенің балтаң? – дейді. Сонда бай: - Менің балтам! – дейді. Диірменші оған: - Өтірік айтпа, мынау сенің балтаң емес! – деп өзінің ағаш балтасын береді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |