15:04 Құндылық қадамы | |
АДАЛДЫҚ АТА-АНАМЕН ІС-ШАРА Атауы: Балам не үшін өтірік айтады? Балаңыз тек шындықты айтқанын қалайсыз ба? Уақыты: 1 сағта Түрі: психологпен тренинг Орындалуы: Мектеп психологын немесе балалар психологын шақырып, мектептің акт-мәжіліс залында бастауыш (1-4) сынып ата-аналарына тренинг өткізеді. Тренингті ашық форматта өткізуге болады. Ата-аналардан сұрақ-жауап алу арқылы баланы өтірік айтуға итермелейтін жағдайлар ашып түсіндіріледі. Өтірік айту жаман әдеттердің бірі екенін және үлкейе келе қандай әсері болатындығын психолог ата-аналарға ашып түсіндіреді. Қорытынды: Осы тренинг арқылы ата-ана байқамай жасаған қандай іс-әрекеттерінің баланы өтірік айтуға мәжбүрлейтінін біледі және психологтан шынайы бала тәрбиелеу туралы ақыл-кеңес алады.
ҰЖЫММЕН ЖҰМЫС Атауы: «Сенімді болу» Уақыты: 1 ай Түрі: марафон Орындалуы: Бір ай бойы ұжым арасында бір-біріне деген сенімді арттыру айы болып жарияланады. Адам өзі туралы басқа біреудің ұнамсыз нәрсе айтқанын естісе, ол адамға ренжиді және сенімі азаяды. Сол себепті ұжымның арасында өзара сенімді арттыру мақсатында бір ай бойы ешкімнің ренжуіне себеп болатындай сөз сөйлемеуге шешім қабылданады. Бір кісі жайлы жұмыс бабымен мінездеме айтылу қажет болғанның өзінде үш сөйлемнен артық болмауы қажет. Бұндай шараны ұжыммен істеудің пайдасы: біреу байқамай әңгімеге кіріскенде бір-бірінің есіне салу арқылы қоғам ішінде адалдық дағдысын қалыптастырады. Қорытынды: Бір ай бойы дағдыланған әдеттің арқасында көпшіліктің бойына адал болу, сенімді болу, шынайы болу, жанашыр болу секілді жақсы қасиеттердің қалыптасуына себеп болу. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |