13:31
Құндылық қадамы

АДАЛДЫҚ

Ұзақ мерзімді іс-шара

#2

Атауы: «Сатушысыз дүкен» немесе «Адалдық дүкені»

Уақыты: 1 апта

Түрі: тәжірибе

Қажетті материалдар: мектеп әкімшілігімен ақылдасып аздаған мектеп құрал-жабдықтарын, тәтті заттар алып қою

Орындалуы: Бұл тәжірибені сынып ішінде немесе мектепішілік көлемде жасауға болады. Не себепті сатушысыз дүкен? Себебі, расымен де мектеп ішінде дүкен болады, бірақ сатушысы болмайды. Арнайы алынған мектеп құрал-жабдықтары, тәттілердің барлығын бір жер белгілеп, сол жерге орналастыру қажет. Әр заттың құны (бағасы) жазылып тұрған тізім шығарып, жанына жабыстырып қою керек. Оқушылар сол жерден өзіне қажет затты сатушысыз сатып алады. Яғни, құнын көреді де, сол жерге ақшасын қалдырып кетеді. Бұл жұмысты бастамас бұрын балаларға түсіндірмелі жұмыс жасау қажет (бұл заттар не үшін қойылды, қандай мақсатта, бұл жасалған жұмыс арқылы оқушылар не үйренуі қажет). Егер жұмыс нәтижелі шығып жатса, уақытын ұзартуға болады.

Қорытынды: Оқушыларға адалдық қасиетінің бір түрін – өз-өзіне деген адалдықты үйрету, көрсету. Бұл жұмыс барысында оқушылар өзіне адал болу, біреудің затын ұрламауды және әр нәрсенің бағасы мен сұрауы барын түсінеді.

 

#3

Атауы: «Кей кезде өтірік айту – қажеттілік пе?»

Уақыты: 1 апта

Түрі: дебат

Қажетті материалдар: дебат орнын дайындау

Орындалуы: Адал болудың бір белгісі – отбасына, достарына, жақындарына өтірік айтпау. Адамдар кейде басқалардың сезімін қорғау үшін өтірік айтады. Сол себепті бұл сұрақтың жігін ажырату үшін, оқушыларды екі топқа бөліп дебат өткізуге болады. Дебат ережесі бойынша бір топ – даттаушы, ал бір топ – жақтаушы. Топтарға дебат ойынының ережесі, өту барысы түсіндіріледі. Бір апта бұрын тапсырма беріліп, оқушылар өздігінен дайындалып, ақпарат жинастырады. Апта соңында екі топ өз ойын ортаға салып, қорғау үшін дебат ұйымдастырылады.

Қорытынды: оқушылар өз пікірін ашық айтып үйренеді, өтірік айтудың зардабын толығымен түсінеді, ізденеді. Өтіріктің жағымсыз тұстары, зияндары жақсы тұсына қарағанда әлдеқайда басым түсетінін байқайды.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: