22:35
Көркем сөздің құдіреті

КҮСУ

Безу, арылу, қашу

 

Тоқсан жаста Ер Қосай

Тұғырдан әбден түскен ер,

Елім десе елеріп,

Жаннан мүлде күскен ер.

(Дулат Бабатайұлы, Еспенбет)

 

Мен дағы жүргенім жоқ малдан күсіп,

Айттым, балам, басыңа мейірім түсіп.

Ертең ерте мысыңмен дайын болып,

Көңліңнің дәркүмәнін алшы шешіп.

(Абай, Әзім әңгімесі)

 

Үлкендерде мінез жоқ танданарлық,

Олардың қылған ісі – ұрлық-қарлық.

Арам ойды ақыл деп ардан күсіп,

Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?

(Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жастарға)

 

Сан айналып сұңқылдап ұшты дағы,

Сапар жолға мезгілсіз түсті дағы,

Бетін түзеп, батысқа бағыт алып,

Қарғыс атқан мекеннен күсті бәрі.

(М.Мақатаев, Аққулар ұйықтағанда)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 180 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: