БАЯБАН
Жапан түз, құлазыған дала, шөл, айдала.
Мысалдар:
- Қадірлі болса баябан дария,
Шалқар көлмен тең.
Қайырсыз болса жаман бай,
Ел қонбаған шөлмен тең.
(Ақтамберді жырау, Алдаспан)
- Надяның көңілін қимады ма, әлде шыннан көкірегін әуен кернеді ме, Рысқұлов алдыда толқын-толқын, тас толқын болып жатқан баябан ұлы далаға қасқая қарап, қоңырлата бір шырқады дейсің.
(Ш.Мұртаза, Қызыл жебе: 4 кітап)
- Атанған «Шөл - баябан» далаларды
Өзгертті; орнатты зор қалаларды.
(Ә.Тәжібаев, Жолдас, Навои)
- Ол астында арқыраған машина, қолында бесатар мылтық тұрғанда ештеңеден тайынбастан, баябан далада сайран салып, жортып жүре беремін деп есептейтін.
(Сұлтанәлі Балғабаев, Шөл)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|