23:07 Көркем сөздің құдіреті | |
АПШУ
Сөз тіркес: Апшысын қуыру – берекесін кетіру, маза бермеу. Мысалдар:
(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш) 2. Сүмірейіп сұры қашып Қарқаралдың, Апшытып өмір өңін мал мен жанның. Әбжылан он алтыншы жылғы күндің, Түрі осы ед ел күйзелген мұң мен зардың. (С.Бегалин, Қарқаралы) 3. Ағайынды ренжіткен жәбірдің емес, аруақты апшытқан кесірдің тұсындағы анттың шарты сол. (Ә.Кекілбаев, Үркер) 4. Оның бер жағында ертеректе Кіші және Үлкен Алматы өзенінің арнасымен төмен қарай топан су жиі ағып, елдің апшысын қуыратын қатер және бар еді. (Д.Қонаев, Өтті дәурен осылай)
САРСАҢ Әуре, әлек, сергелдең, машақат Сөз тіркестер:
Мысалдар:
(М.Мағауин, Қияндағы қыстау) 2. Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен. Қайтіп қызық көремін Әуре-сарсаң күнімнен? (Абай, Қайғы шығар ілімнен) 3. Атам мен әжемнің жүзі түтігіп кетіпті. Мені көп іздеп, сарсаң болғандары білініп тұр. (Д.Исабеков, Тіршілік) 4. Сағым боп аққан сан жылдар, Сарсаңға мені салдыңдар. Тағдырлас маған тағдырлар, Қай жаққа кетіп қалдыңдар? (М.Мақатаев, Сағым боп аққан сан жылдар)
ШЫМ
Мысалдар:
Бір жерге қанша әлеумет қосқан басты. Решетке қорғаны жоқ, жадағай боп, Қалыпты-ау иесіз ерлер аяқасты! (Мәшһүр Ж.Көпейұлы, Күйеу Мағзұм мен аруақтар)
Ер Болат қорқар емес қуғыншыдан. Жалма-жан қара шымды қолына алып, Қуғыншы ағаларын шыммен ұрған. (Шортанбай Қанайұлы, Қаракесек) 3. Майдың маужыраған бір жұмсақ шұғылалы жайдары күні, ашық жатқан есік –терезелерден шым үйге тыстан нөсерлеп нұр құйылып тұр. (Х.Есенжанов, Ақ Жайық: 1 кітап) 4. Даусында оркестрдің қайрат, ерлік, «Мынау күй ер елдік!» дегізерлік; Шекара шым болаттан құйған қорған, Сондықтан бізде шаттық, бізде ерлік! (С.Мұқанов, Біздің маршал Буденный) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |