22:53 Ислам және медицина | |
«АДАМ ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРСЕ, СОЛАЙ ЖАН БЕРЕДІ...» Ұлылардың соңғы демдерінен бірнеше тәмсіл: Чанаккале соғысында үлкен жеңістерге қол жеткізген Забит Мұзаффар кейінірек Шығыс майданында да тайсалмай, батыл соғысып жүрді. Забит мұзаффар қанды бір қақтығыс кезінде ауыр жарақат алған болатын. Үні шықпай, тіпті көздері де еш нәрсені түсіндіре алмаған соңғы сәтінде қалтасынан қағаз шығарып, қолына іліккен шөптің сабағын жарасынан аққан қанға малып, былай деп жаза бастады: - Құбыла қай жақта?.. Қасындағылар оның бұл сөзінен жүзін құдылаға қарай бұрып, Раббысына рухын тәлсім еткісі келгендігін түсініп, тез арада тілегін орындады. Өлім сәтінде қолбасшының жүзінен бір жағынан вуслатқа (Аллаға қауышу) деген қуаныш байқалып тұрса, енді бірде қасиетті борыштың зор табыспен аяқталуына алаңдап тұрғаны сезіліп тұрды. Ол соңғы күшін жиып, қаһарман әскерлеріне ақырғы өсиетін жазды: «Жауынгерлер Алла разылығы үшін жиһадты жалғастырсын, қаным жерде қалып қоймасын!..» Үшінші өсиетін жазбақшы болған еді, өлім оған мүмкіндік бермеді. Осылайша, ол асыл рухын шәһид болған күйде Раббысына тәслім етті. Рухын құбылаға қарап тәлсім ету үшін тілімен жеткізе алмаған қиын сәттің сарп етілген өмірдің ақтық демі де осындай мүбәрәк әрі қасиетті болмақ. * * * Орыстың ұлы хирургі Н.И.Пироговтың өмірбаянына зер салсақ, хирургияның атасы атанған ұлы дәрігер өзіне-өзі диагноз қойып, ақтық демі үзілгенше ауруының белгілерін кітапқа жазып қалдырған екен. * * * Имам Әбу Юсуф ақтық сапар алдында жанына жақындаған бір шәкіртіне қажылықтағы шайтанға тас лақтыру жайында бір сұрақ қояды. Шәкірт ыңғайсызданып, «ұстаз, қазір дәріс талқылайтын уақыт емес қой» дегендей аздап қысылады. Әбу Юсуф (р.а.) бой бермей, «білмесең айтайын» деп жауабын айтқаны сол еді, шәкірті шатырдан шығып кетеді. Бірнеше қадамнан кейін адамдардың жылаған даусы естіле бастайды. Ғылым үшін неткен құрбандық!!! Ханафи мәзһабының негізін қалаушылардың бірегейі, Имам Ағзамның ең атақты шәкірті атанған осы Әбу Юсуф тіпті ұстазының дәрісін өткізіп алам ба деген қорқыныштан өз баласының жаназасына да қатыспаған деседі. Хазірет Мәулананың мына айтқан сөздері тазаланудың осы бір мәнін ашып тұрғандай: «Мазар тұрғызу таспен, тақтаймен немесе киізбен емес. нағыз мазар тұрғызу – кіршіксіз көңіліңде, өзіңнің ішкі тазалық әлеміңде өзіңе қабір қазуың. Ол үшін Алланың ұлы болмысының алдында өзіңнің қиқарлығың мен менмендігіңді жоюың қажет». Алла Тағала өмірін ізгі амалдармен безендіріп, Раббысын бір сәтке болса да есінен шығармайтын құлын ақтық демінде былай деп сүйіншілейді: «Күмәнсіз Раббымыз Алла! дегеннен кейін тұп-тура жүргендердің төбелерінен періштелер түсіп, оларға: «Қорықпаңдар, қайғырып, мұңаймаңдар, сендерге уәде етілген жәннатпен қуаныңдар» дейді» (41:30). Қорыта айтқанда, әрбір пенде рухын иманмен тәсілім етуі үшін ең алдымен нәпсісін тазартып, жүрегін ағартып, яғни жаман әдеттерден арылып, жақсы қасиеттерге ұмтылу арқылы Алланың көркем есімдерімен бойын түзеуі шарт. Себебі осылай жасау арқылы жүректің нағыз тақуалық деңгейге жетуі «өмір» атты сапардың ең нұрлы һидаят шырағданы саналады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |