11:52
Ислам және медицина

«АДАМ ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРСЕ, СОЛАЙ ЖАН БЕРЕДІ...»

Дүкені қаланың шыға беріс қақпасында орналасқан бір дүкенші болыпты. Ол қақпадан дүние салған кісілердің жаназасы шыққан сайын жанындағы ыдысқа бір жеміс сүйегін тастап тұрады екен. Бір ай өткен соң ыдыстағы сүйектерді санап: «Бұл айда сынша адам ыдысқа түсті» дейді екен. Бір күні ол да дүние салды. Біраз күн өткен соң оның дүниеден өзғандығынан хабары жоқ бір досы оған қыдырып келеді. Оны таба алмаған әлгі досы көршілерінен: «Мына жерде отыратын дүкенші қайда екен?» - деп сұрайды. Көршілері: «Ол да ыдысқа түсті!..» - деп жауап береді. Қандай орынды айтылған жауап десеңізші!

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адам қалай өмір сүрсе, солай жан береді, қалай жан берсе, солай тірілтеді», - деген (Муслим, Жәннәт 83, Мунауи V, 663).

 * * *

Өмірдегі опатты оқыс оқиғалардан сыр шертейік:

260 кг салмақтағы 29 жастағы америкалық «Инфарктный гриль» мейрамхана жарнамасының жұлдызы ретінде белгілі адам инфаркттан қайтыс болды. Бұған себеп – оның шектен тыс семіздігі. Әлгі азамат салмағын өзінің артықшылығы санап, жарнама компаниясымен жұмыс жасап, артық салмағының арқасында көп ақша тауып жүріпті. Жарнамалық буклетте еркектің фотосы «мейрамхана тамағы денсаулыққа зиян» деген кекесінде, мысқыл мағынадағы жазумен басылған екен. Шынында, мейрамхана тағамының калориялық құрамы таңғаларлық еді: бір ғана тамақтың калориясы дені сау ер азаматтың 3 тәуліктік рационынан асып кетеді.

* * *

2011 жылы Рио қаласының клиникалық ауруханасына жүрек талмасымен науқас жеткізілген. 70 жастағы науқасқа шұғыл ота қажет болады. Дереу Винченцо Капаччони есімді кардиолог ота жасауға шақыртылады. Ол дереу жұмысқа келіп, күрделі әрі ұзаққа созылған отаны сәтті аяқтап шығады. Науқас ота бөлмесінен шығарылғаннан кейін, Капаччони қолғабын шешіп, бірінші қабатқа түскені сол еді, кенет өзінің кеудесі қысылып, жүрегі қатты шаншып, сол мезетте жүрек талмасынан тіл қатпай, өліп кеткен.

* * *

Бенжамин Рукер (Қара Герман) – әрітс әрі шоумен. Оның негізгі қойылымы (трюк) – жерге бірнеше сағаттарға тірідей көмілу, яғни қолдан жасалынған өлім. Сол арқылы ол бай-бақуатты, атақты әрі танымал болады. 3 күнге көмілген Қара Герман күндердің күнінде мерзімі жетіп, өлі күйінде табылады. Жүрегі кенет тоқтап қалған екен.

Міне, Шәкәрім бабамыз айтпақшы:

Өлімнің хан екенін көрсең де,

Өлместей омыраулап шатасың.

Алланың ақ өлімі келгенде,

Амалсыз қара тастай қатасың. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 38 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: