14:24 Ислам және медицина | |||
ҚАЙЛУЛӘ Ғылым қарыштап амыған сайын адамның қалыпты физиологиялық жағдайларын терең әрі жан-жақты зерттеу де дами бастады. Уақыт өте келе кейбір мән берілмей, ескерілмей қалған жайттарды қайта қарап, талдауға мәжбүр болды. Біз тұспалдап отырған тақырып – қым-қуыт тіршіліктің салдарынан адамдар ұмыта бастаған түскі ұйқы жайында болмақ. Ардақты пайғамбарымыздың осы табиғи түскі ұйқысы да ғалымдарды бей-жай қалдырмады. Бірнеше ғасырдан кейін әлем ғалымдары микроскоппен қарап, әр мемлекет заңына енгізетін бұл құбылыс, мұғжиза емес немене?! Мұхамед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күндіз ұйықтап алатын. Бұл ұйқыны «қайлулә» деп атайды. Қайлулә – күн талтүстен ауысқан шақ. Саһл бин Сағд (р.а.): «Біз Алла елшісі (с.ғ.с.) заманында түскі ұйқымызды және түскі асымызды жұма намазынан кейін ғана орындайтынбыз», дейді (Муслим). Пайғамбар хадисінде: «Күндіз демалыңдар (ұйықтаңдар), себебі шайтандар күнді ұйықтамайды», - делінген. Бір қызығы, АҚШ ғалымдары түскі ұйқы міндетті түрде бір мен үш аралығында және үнемі қайталанып тұру керек деп кеңес береді. «Сонда ғана жүрек-қантамыр асқынулары мен ерте өлімнен сақтайды-мыс» деп жазады «Medikforum» медициналық жаңалықтар топтамасы газеті. Осыған байланысты жүргізілген ғылыми зерттеулер де күмән қалдырмайды. Күндізгі уақытта аз-маз мызғып алатын адамдардың жүрек ауруына сирек шалдығатыны белгілі болып отыр. Ғалымдардың мәлімдеуінше, түскі ұйқыға мән беретін жандардың есте сақтау қабілеті жоғары болатыны анықталған. Ғалымдар адамның миы түскі ұйқыдан кейін үйренуге, жаңа ақпарды сіңіруге мейлінше бейім тұратынын байқаған. Күндізгі ұйқыны атақты Альберт Эйнштейн, Леонардо да Винчи, Никола Тесла, Уинстон Черчилль, Джон Кеннеди мен Маргарет Тэтчер секілді ірі тұлғалар жақсы көрген екен. Гарвард медицина мектебінің ғалымы Билл энтони және басқа да сарапшылар 24 мың адамның денсаулық жағдайын тексерген. Анамнезінде (ауру тарихында) инфаркт, инсульт пен қатерлі ісік болмаған 20-86 жас аралығындағы еріктілерді Энтони 6 жыл бойы күнделікті қараған. Тамақтану рационы мен дене белсенділік ерекшеіктерін ескере отырып, сарапшылар жүрек-қантамыр ауруларынан қайтыс болу қаупі, түсте кем дегенде 30 минут, аптасына 3 рет ұйықтағандар үшін 37%-ға азайған деген қортындыға келді. Тіпті қысқа ғана ұйқының өзі жүрек ауруларынан қайтыс болу қаупін 12%-ға азайтқан екен. Макс Плэнк институтының ұйқыны зерттеу мамандары мен психологтары «түскі ұйқы – адамның жүрек, ми, жүйке және барлық ішкі ағзаларын реттейтін табиғи жағдай» деп мәлімдейді. Ұйқыдан оянған кісі «қалғып кетіппін» деп тыңайып, сергіп қалатынын білдіреді. Түнгі ұйқыға қарағанда күндізгі ұйқы қысқалық жағынан анағұрлым жемісті деп жариялайды. Артериалды гипертензиядан зардап шегетіндер үшін күндізгі ұйқы қан қысымын түсіруге қолайлы жағдай болып саналады. Ұйқыны зерттейтін ғылым – сомнология. Сол ұйқы зерттеушілері бақылау жасағанда, адамның дене температурасы ой қабілетімен бірге күндіз жоғарылап, түсте ұйықтағанда түсетінін байқаған. Бұл да елеусіз қалатын жайт емес. көліктің қызуы секілді қатты ыстықта салқындалған іспетті ағза қызметі де реттеліп қалады. Бір қызығы, адамдарға бұйырылған амалдарды жан-жануарлар мен хайуандар да мүлтіксіз орындайды екен. Оны ұйқыдан да байқауға болады. Мысалы, Зурич университетінің Фармакология институтында зерттеу жүргізген ирина Тоблер иттердің, тышқандардың, маймылдар мен жылқылардың түс уақытында 15-20 минут, тіпті жарты сағаттай ұйықтағандығына куә болған. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |