12:27
Ислам және медицина

МИКРОБИОЛОГИЯ немесе «БИЛЕТСІЗ ЕНГЕН ЖОЛАУШЫЛАР»

Асылында, микроәлем жайлы ғылым тарихы үш кезеңнен өткен: нақты ресми ғылымға дейінгі, нақты ғылыми анықтау кезеңі және микробиология ғылымының жандануы, оның ішінде инфекциялық ауруларды түбегейлі зерттеу, түрлі вирустардың ашылуы сияқты жаңалықтардан құралған.

Бірінші кезеңнің түп төркіні пайғамбарлар кезеңі деуге болады. Пайғамбардың мына бір өсиет әңгімесіне қарасақ, соны байқаймыз. «Иса (а.с.) бір қаладан өтіп бара жатып, қала тұрғындарының беттері сарғайып, көздері көгеріп кеткенін байқаған. Олар Исаға (а.с.) өз аурулары жайлы айтқанда, Иса (а.с.) ет жер алдында оны жумай пісіретіндерін айтып, дүниедегі ешбір жануар тап-таза болып өмірден өтпейді», - дегенінің астарында осы микроорганизмдер әлемі жатыр емес пе?

Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с.) те сол ғылымнан хабар қалдырған. Пайғамбарымыз тағамға аса ұқыптылықпен қарайтын. Әби Хамид әс-Сағиди баянында пайғамбарымызға (с.ғ.с.) аузы жабылмаған ыдыспен сүт апарғанда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сүттің бетін жаппадың ба, ластанады ғой», - деген секілді хадистерден микробтар әлемінің барлығын, яғни көзге көрінбейтін тылсым әлемді байқауға болады.

Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) жеткен мәліметте Алла елшісі кесенің жырық жерінен ішуден әрі ішетін нәрсесіне үрлеуден тыйғаны жайлы хадистерден бізге беймәлім, уақыт еншісімен әрі микроскоппен ғана байқалатын микроорганизмдерді әлдеқашан баяндап кеткен.

Шыбын жайлы пайғамбар хадисінде «Шыбын ыдысқа түсіп кетсе, оны толығымен батырып, содан кейін бірақ алып, шығарыңдар», - деуінен сол кезде сыры әлі ашылмаған зоонозды инфекциялар туралы ақпары бар екенін таңдай қақтырады. Біздің ата-бабаларымыздың да жөн-жоралғыларында Пайғамбардың сүннеті мен хадисінен хабардар екенін мақалдарынан байқауға болады.

«Шбын жеп тауыспайды, ауру егеді,

Шымшық жеп тауыспайды, шашып төгеді».

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Екі түрлі қарғыс арқалаудан сақ болыңдар!», - дегені бар. Сонда сахабалары: «Әй, Алланың Елшісі! Екі қарғысты арқалаушы дегеніңіз кім?» - деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретін жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы», - деген. «Жемістерді піскен кезінде жеңіздер! Өйткені осы кезде ол адам денсаулығына пайдалы және қам-қайғыны жоюға көмектеседі. Егер оны мезгілі өткеннен кейін жесеңіздер, адам денесіне зиянды және ауру тудыру қаупі бар», - деген сияқты хадистерден келешек ғылымның алғышарттарын көруге болады.

«Билетсіз енген жолаушылар» деп ағзамызда сырттан бөлек өзіміздің тұрақты, қалыпты микрофлорамыз меңзелген. Соңғы зерттеуде Макс Планк институтының (АҚШ) ғалымдарының тұжырымдасамы бойынша, біз өз денеміздің тек 43%-ын құраймыз, қалғаны бөгде микроорганизмдер. Ал геном (тұқым) солармен бірге 20 миллионды құрайды. Ағзада бактерия мен саңырауқұлақтар секілді «билетсіз енген жолаушылар» бізбен қатар өмір сүреді. Олардың саны «бізге» қарағанда өте көп. Бір ғана адам ішегінде олардың 4000 түрінен 100 триллионы өмір сүреді. Барша іштегі микробты жиып таразыға тартсаңыз, таразының екінші жағынан 4 пілді қоюға тура келетін еді. Осыншама тіршілікке, барлық инфекция мен бактерияға қарсы күрес ашатын иммунды жүйеміз неліктен бейғам оытарды. Міне, осы үшін қалыпты ішек микрофлораны сақтау аса маңызды.

Қазіргі кезде ең алғаш АҚШ-тан зерттеу алған фекальді микробиоттар трансплантациясы қарыштап алға дамуда. Бір сөзбен айтқанда, үлкен дәретті басқа ағзаға трансплантациялайды, яғни сау адамның (донор) ішек бактериясын ауру адамның (реципиент) ішек бактериясына қоныстандырады. Бактериотерапияның жаңа үлгісі.

Адам ет пен сүйекке бекітілген тері ғана емес, оны барлық заттан үстем еткен, Алланың оған үрлеген рухы. Күллі жаратылыстың халифы болғандықтан, оның ең нәжіс болған заттары да кейбір медициналық қасиетке ие екенін уақыт өте келе ғылымда көз жеткізудеміз.

Адам ағзасы кемел жаратылған. Мысалы, сол аппендикс (соқыр ішек) керексіз мүше емес, ағза өз қауіпсіздігі үшін көптеген микроб жасушаларды уақытша осында жасырады. Дарвин оны «рудиментарлы қалдық» деп санады. 1950 жылдарға дейін дәрігерлер қауымы түкке тұрғысыз орган есебінде қарады. Сол жылдарда аппендоэктомия (соқыр ішекті алып тастау) дамыған мемлекетте жиі жасалды. Соның кесірінен көптеген аурулар белең алды. Асқорытудың бұзылуы мен қабыну, аллергиялық және аутиммунды ауруларға душар қылдырған. Соқыр ішектің ішінің бәрі толған ерекше иммунды жасуша мен молекуладан тұрады. Олар әрекетсіз жатпайды. Иммунды жүйе құрамына кіріп, бізді бөгде инфекциялардан қорғай алады. Бойда нәр мен қуат болған, үнемі тоқшылықта жүрген жақсы, әрине, әйтсе де ораза ұстап ағзамызды бір уақыт демалдырған да абзал.    

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 140 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: