23:06
Естелік пойызы - 2015

ЕҢБЕГІМЕН ЕРЛЕГЕН ЖАНПЕЙІС АТА

Жанпейіс ата – Бесқарағайдың нар тұлғасы,

Ерен еңбектің тозбайтұғын тағасы.

Сүйді өмірді, алға басты, тозбады,

Ел-жұртпен болды, қатарынан қалмады.

Не керек, ата-анадан жастай қалды,

Күн көріспен өзін-өзі қолға алды.

Бозбала боп үлкендерше еңбектенді,

Жанұяны асырауды мақсат қылды.

«Шұңқыр суда» Сереминге жалданды,

Жыл он екі ай помещиктің қойын бақты.

Сары орыстың сеніміне кіргені сол –

Сом денелі тұрқыменен палуан атанды.

Төңкеріспен заман лебі өзгерді,

Жалшы-батырақ теңдікке қол жеткізді.

Помещиктен аман қалған малдарды,

Кеңес Өкіметі қарамағына өткізді.

Жанпейіс ата шопандығын жалғастырды,

Сағалқызы Рузаменен шаңырақ көтерді.

Махаббаттың құдіреті күшті әлдиімен,

Төрт ұл менен жалғыз қызды өсірді.

Күркіреген күндей жеткен сұм соғысқа

Өзі де, үлкен ұлы Зейнолла да аттанды.

Жанжары, қызы Майраш, ұлы Сағидолла

Мылтықсыз майдан – тыл азабын бірдей тартты.

Үлкен ұлымен Ұлы Жеңіспен оралды,

Жеңістен соң бейбіт заман орнады.

Жұбайы Рузаның қамқорлық демеуімен,

Шопандықты шындауға бағыт алды.

Жылдар бойы тәжірибе жинақталды,

Қайрат-жігер, еңбекқорлық қанаттанды.

Бесқарағай асыл тұқымды қой зауыты,

Биязы жүнді мериноспен асылданды.

Жүз саулықтан жүзден аса төл алынды,

Жүн беруден сан мәрте рекорд жаңарды.

Аймақ, аудан тарту еткен жүлделермен

Жанпейіс Сыздықұлының жұлдызы жанды.

Осылайша шопанның шеберлігі шындалды,

КСРО билігі зор жетістікті қаперге алды.

Жанпейіс Социалистік Еңбек Ері атанып,

Алтын Жұлдыз, Ленин орденін омыраулады.

Қызы Майраш тыл ардагері атанды,

Бар ғұмырын сауда қызметіне арнады.

Өзінен соң еріп келген бауырларына

Өнегелі, үлгі болар әпке болды.

Ұлы Зейнолла есепшілік қызмет етті,

Ұлы Сағидолла малшы болып биікке жетті,

Ұлы Сәкіжан аты дардай бригадир болса,

Ұлы Амантай мал дәрігерлігімен алысқа кетті.

Балаларынан талай ұрпақ тарап отыр,

Өз алдына үйлі-баранды болып отыр.

Өз қолдары ауыздарына жеткен үрім-бұтақ,

Аталарын үлгі тұтуға жарап отыр.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Просмотров: 697 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: