23:19 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Жамбылдың батасы Асарың асқар тау болсын, Жүзерің мұхит көл болсын. Сүйенерің ел болсын, Дұшпаның қара жер болсын! Есігіңнің алды ой болсын, Ойың толған қой болсын. Күнде ауылыңда той болсын! Жақсыға елікте, Жаманға желікпе, Әрдайым шабытты бол! Сарқылмас бақытты бол!
* * *
Иә, Құдайым оңдасын, Бақ пен қыдыр орнасын. Бала-шағаң аман боп, Қызыр болсын жолдасың. Иә, Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Жақсылығы жәрдем боп, Көтеріп Алла тастасын. Пәле менен жаладан, Бір Алла өзі сақтасын Өсе берсін мақсатың Шыға берсін жақсы атың, Көсегеңді көгертіп Жамандықтан сақтасын. Әумин! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |