13:36 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Жамбылдың батасы Құдайым бұл үйге дұға берсін, Тіл-аузын дұшпаныңның буа берсін. Келіннің балағынан бала саулап, Салпы ерін сары балалар туа берсін!
* * *
Бұл екі жасқа Денсаулық, амандық беріп, Ұзақ өмір берсін. Адалдан бер, Ақтан бер, Пәле-жаладан сақтай бер. Ер маңайын баққа бер, Абырой асар жаққа бер, Батпас күндей шат көңіл, Жаңа қосақ жасқа бер. Зор махаббат Өмірлік серіктері болсын. Бақыттары баянды болып, Жаңа өмірде Жолдары сәтті болсын, Үбірлі-шүбірлі болсын, Мерейлері үстем, Мәртебесі зор, Адамгершілігі мол болсын! Бір-біріне сүйікті, Ел-жұртына сүйкімді, Отбасына сыйымды болсын! Осы тілек қабыл болсын! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |