16:40
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Бұқар жыраудың Наурызбай батырға айтқаны

Ей, Наурызбай, Найрызбай!

Шапырашты Наурызбай!

Асылы едің асылдың,

Жасылы едің жасылдың.

Ей, Наурызбай, Наурызбай!

Жауға тиер беренім,

Миуа ағашта берегім,

Еңкерістен жау келсе,

Бетіме ұстар керегім.

Ағайын қызыл сөз айтса,

Өсекке тоспас құлағын,

Түк естімес кереңім.

Арандай ашып ауызын

Серен келсе сестеніп,

Аттана шабар еренім.

Өліспей тірі беріспес,

Артықша туған өренім.

Жау қыспаққа алғанда,

Қазақты қанға малғанда,

Өткел бермес тереңім!

 

* * *

 

Алты жасар Төлеге берген Қарасай бабаның батасы

Қарасай Әлібекпен еді құрбы,

Сөйледі оңашада мына сырды:

Басында билігінің талай болдым,

Қақ жарды сұрауында қара қылды.

Туса да мың қой егіз – бір-ақ қошқар,

Алтынның қолындағы қадірін біл!

Төлеге қарап толғанып:

...Қарасайды ойға алып,

Бір бұрылып бата қыл.

Қойшысы ел-ананың,

Өзің болғай, қарағым! – деп сиынып Аллаға,

Бата берді балаға.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: