12:13
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Қарабидің Жәнібекке берген батасы

Бедері жоқ қамқадан,

Берік тоқылған бөз артық.

Берекеті жоқ ағайыннан,

Берік сөйлескен жат артық.

Пайданы алыстан қылғайсың,

Залалды жақыннан қылғайсын.

Тышқан да інінің айналасына оттаймайды,

Оны да есіңе алғайсың.

Қайтып кірер есікті,

Қатты серпіп жаппағайсың.

Қайтып көрер досыңа

Қайрылмастай сөз айтпағайсың.

Осыны есіңе ала жүрсең, ешкімнен

Кем де, қор да болмайсың.

 

* * *

 

Қарасай батырдың Есім ханнан алған батасы

Ал, ақ батамды берейін, қолыңды жай:

Аллаға қылығың жақсын,

Таңда машһар күніңде

Алдыңнан бұлақ ақсын!

Періштелер маңдайыңнан иіскеп,

Жауырыныңнан қақсын,

Көкірегің ақ болсын!

Қара босағаңнан қыдыр кетпесін,

Қара шаңырағыңнан ырыс кетпесін,

Атың алты алашқа танылсын

Дұшпаның табаныңда қырылсын!

Атың – ұран болсын,

Айтқаның Құран болсын,

Жолбарыстың жүрегін берсін!

Бар әулие, әмби, аруақтар қолдай қоршап,

Бар жақсылық тілегіңді берсін!

Әумин!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 31 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: