10:52
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Халық бата-тілегі

Жас отауға бата

Құдай қосқан қосағың,

Құтты болсын босағаң.

Қолға қонған құсыңды,

Тұғырлы қылсын Жасаған.

Үйренген мынау жапстарға,

Болсын батам арнаған.

«Тәубе» дейік Аллаға,

Қабыл болмай мұндайда,

Ешбір тілек қалмаған.

Баянды болсын махаббат,

Екеуіңді таңдаған.

Жоламасын әзәзіл,

Сан сезімді жалмаған.

Періштелер күзетсін,

Ақ төсекті ортада,

Екеуіңе арнаған.

Сенім оты сөнбесін,

Қос жүректі жалғаған.

Қабыл болсын тілектер,

Аруақтарын қолдаған.

Некелерің қиылсын,

Мешіттегі молдадан,

Қияметтік жар болу,

Бұйрықты болсын Алладан!

Әумин!

 

* * *

 

Келінге бата

Құтты болсын қадамың,

Келін болдың, қарағым.

Салтын ұстап ардақта,

Бұрынғы ата-бабаның.

Отша лаулап сөнбегін,

Еш жамандық көрмегін.

Бақытты бол, келінжан,

Сәбидің жуып жөргегін,

Ошақтан от кетпесін,

Үйіңнен көп кетпесін,

Қосағыңмен қоса ағар,

Дұшпанның көзі өтпесін.

Адал болып жарыңа,

Қанағат қыл барыңа.

Қайғы мен мұң түспесін,

Ақ қағаздай жаныңа.

Әумин!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 48 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: