17:03 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
КҮН, АЙ және ҚОРАЗ Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл, қанша күн өткенін есептеп айтуға сан жетпейді екен. Аспанда ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз тұрыпты. Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Қораз қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қоразға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, Жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн Қораздың жоқ екенін көріп, болған оқиғаны біліпті. Ойланып отырып: «Менің байқауымша, сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмейін. Бұдан былай мен аспанда тек күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың», - депті. Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «Қо-қо-қоқ!» - деп айқайлайтын болыпты. Онысы «Қайырлы таң, мейірімді аға!» дегені екен. Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығатын көрінеді. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |