17:09 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
АЙ мен КҮН Шырқау Көктегі жыпырлаған сансыз жұлдыздар ішінде Тәңір екі үлкен шырақ, екі құдірет – Күн мен Айды жаратты. Скиф халқы – массагеттер Күнді Көк жүзінде Шығыстан Батысқа қарай асығыс көшіп жүретін құдайға балап, оны арғымақ атқа, әлемдегі ең жүйрік жануарға теңеді (бұл жайында «Тарих» кітабында ежелгі грек ғалымы Геродот жазды). Таңертең Күн көкжиектен көрініп, жоғары көтеріледі. Шуағын барған сайын мол төгіп, ыстығырақ бола түседі, барлық тіршілік атаулыға жарық пен жылу сыйлайды. Ең жоғарғы нүктеде, шырқау шегінде аялдап, тал түстен өтіп, баяулап, бататын жағына қарай еңкейеді. Кешқұрым алып қызыл шырақ өлгісі келмей, жер үстінде қимастықпен ұзақ тұрып алады. Сонда да болса құдіретті сайтан еркіліктің әлеміне, өлілер патшалығына кетуге мәжбүр. Ол жақта тынығып, күш жинап алып, әлемді жарқыраған нұр-шуағына малындырып, құлпыра жайнаған ғажайып күн жасау үшін шығыстан қайта туады. Күн жермен қимай қоштасқан әрбір кеш сайын түнгі Аспанда ару Ай пайда болып, жұлдыздар арасында жарқырай жанады. Егер Күн – жарық пен жылу жолындағы күрескер болса, Ай – адам құпияларын сақтаушы, желеп-жебеуші, махаббат пен сұлулық бейнесі. Өз өлеңдерінде Айды жыр етпеген ақын жоқ! Көптеген ертегілерде Ай мен Күн – бір-біріне қосыла алмаған мәңгілік ғашықтар, Ай – ару, Күн – күйеу түрінде көрінеді. Көк жүзіне Күн шығуы мұң екен, Ай дереу жадау тартып, жоғалып кетеді. Ай мен Күн – біздің орындалмас армандарымыздың аспандағы айғақтары, мәңгілік қозғалыстың, мәңгілік өмірдің нышандары. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |