11:09
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ТӘҢІРШІЛДІК – ЖЕР БЕТІНДЕГІ ЕҢ ЕЖЕЛГІ ДІН

Ежелгі адамзат қауымында мәдениет қай мыңжылдықта пайда болған? Тарихшылар, археологтар және көне тарих мәселелерін зерттейтін антропологтар философтармен біріге отырып, ежелгі алғашқы адамдардың жабайылықты қалдырған кезі өлген кісіні алғаш жер қойнына тапсырып, жерлеуі болып табылады деген ойға келді. Өлген туысын жоқтап зар еңірей жылаған ел марқұмның денесін ит-құсқа жем болмасын деп, жер қойнында сақтамаққа бекінгенде, олардың бойында мәдениет бүршік жарды. Себебі, мәдениет, мәдени дәстүр дегеніміз – ата-бабаларды, өткен тарихты құрметтеу, оны ұмытпай, есте сақтау.

Өлім – үрейлі, ғажап құбылыс, бірақ ол ұйқыға көбірек ұқсайды. Адам ұйықтап кетеді де, оянбайды. Ал, кенет ол оянып, орнынан тұрып, жер бетінде жүріп, сөйлейтін болса ше? Онда қайтер еді?

Міне, сол себептен де бағзыдағы адамдар мәйітті мүмкіндігінше ұзағырақ сақтау үшін марқұмды жер қойнына беруге шешкен. Ол үшін не істеу керек? Әлбетте, әуелі терең шұңқыр қазу керек, оны өлген кісінің басқа дүниедегі тіршілігіне бейімдеп, қабір ішіне, мәйіттің қасына оған қажетті заттарды, ішетін тамағы мен сусынын қою керек.

Адам қабірдің ін екенін түсінген. Өйткені, дүниеде суыққа төтеп бере алмайтын тіршілік иелерінің барлығы да қыста өздерінің індерінде қыстап, ұзақ ұйқыға шомады, құмырсқалар илеуінде, аюлар апанында, суырлар індерінде жатады. Содан олар тек күн шуағын төгіп, көктем нышаны білінгенде бір-ақ оянады. Тек аңдар ғана емес, табиғаттың өзі де қыста қар қымтанып, қалың ұйқыға кетеді. Көктем келе барлық тірі жан атаулы жанданып, оянады. Жыл мезгілдерінің алмасуы осылайша реттестірілген: жыо тең төрт бөлікке – көктем, жаз, күз бен қысқа бөлінген.

Тіршілік атаулының түп анасы Жердің өзі көктем мезгілінде көгеріп, жазда гүлдейді, күзде мәуелейді, ал қыста қар жамылып ұйықтайды. Адам өз ғұмырындағы тағы бір ерекшелікті байқаған: балалық және жасөспірім шақ көктемге, жігіттік пен кемел шақ жаз бен күзге, ал ақ шашты, ақ сақалды кәрілік қысқа ұқсайды... Демек, адам да табиғаттағы мезгілдік алмасуларға тәуелді. Өйткені, басқа да тіршілік иелері сияқты, адамның өзі де табиғаттың ішінде, өзін қоршаға әлемде өмір кешеді ғой. Одан тысқары еш жаққа ол шыға алмайды.

Мәдениеттің маңызды бөлшегі болып саналатын адамның киімі де табиғат пен ғұмыр кезеңдеріне бейімделген. Жастық шақта – құлпырған қызыл-жасыл түстер, кәрілікте – қара-қоңыр және ақ түстер қалданылады.

Құдіретті, шексіз һәм жалпақ жаһанды тұтас қамтитын Ұлы Көкке сыйынудан адам өзін қоршаған Әлемді, табиғатты өлмейді деп қабылдады. Жыл мезгілдерінің алмасуын жаңару мен жаңғыру деп түсінді. Сөйтіп мәңгілік өмір туралы сенімге келді. Ең көне дін тәңіршілдікте адамның мәңгілік өмірге деген сенімі табиғаттың өзіндей сақталды.

Осыған орай, тәңіршілдіктегі өлім құбылысы ұзақ ұйқы ретінде қабылданды. Яғни, өлген (ұйықтаған) адамдар күндердің күнінде әйтеуір бір оянады, тіріледі деп сенген. Сондықтан, адамды жер қойнына бергенде оның қабіріне жаңа өмірге барғанда қажет болады деген сеніммен шараптар немесе басқа сусындар құйылған тостағандар мен құмыралар, өзінің тіршіліктегі қару-жарақтары, жеке заттары қойылған.      

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 187 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: