10:58
Бабадан қалған асыл сөз

ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН!

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ (1866-1937 ж.ж.)

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Қазіргі Қарағанды облысы ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны. Бөкей ханның шөпшегі. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист.

* * *

Жұрт әділ болмай – жұрт ісі оңға баспайды.

* * *

Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу – мақсат.

* * *

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

* * *

Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса – жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.

* * *

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соңынан ерер еді.

* * *

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

* * *

Ел жеген жуанды сүйеген басшы оңбайды.

* * *

Отаршы елдер ағызар әскер қанын, алмақ болып аз елдің жер мен малын.

* * *

Әкім халықтың көбіне сүйенсе, күшті болады.

* * *

Ел берекесінің кетуінің түпкі себебі – қазақта бірліктің жоқтығы.

* * *

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады.

* * *

Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық саяси ісін ұғынбаса, тезек теріп, тарих жолында артта қалады. Бақыт, махаббаттан тысқары болады. Бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!

* * *

Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.

* * *

Бөтен кісі қазаққа ешқайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді.

* * *

Қазақ жері – мал кіндігі: мұнда бұрын-сонды қай жұрт жүрсе де мал баққан.

* * *

Қазаққа әкеп мұжық қамытын кигізе салса – бұл бір түске кірмеген қиыншылық: бұдан қазақ безуі керек.

* * *

Мансапқұмар ел – кемелдікке жетпеген ел.

* * *

Қазақ-ау! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта қалып жүрме!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 204 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: