11:37
Ғажайып ми

МИҒА ЕҢ КЕРЕКТІ ДӘРУМЕНДЕР

Селен. Ол – мидың қызметі үшін маңызды рөл атқаратын минералды зат. Сондай-ақ мидағы нейротарнсмиттерге техникалық қызмет көрсетеді. Ол адамның көңіл-күйін жақсартады және өмірлік күшін арттырады. Селен – дәнді дақылдар, жаңғақтар, жасыл жапырақты өсімдіктер, сарымсақ пен көк жуаның міндетті құраушысы.

Селен – дәнді дақылдар, сарымсақ, ет, теңіз өнімдері, жаңғақтар және авокадоның құрамында кездеседі.

Омега-3. Ол – нейрондар арасындағы байланыстың дамуын жақсартатын, ми үшін ең жақсы қоректік заттардың бірі. Бұл байланыстар оқу арқылы дамиды және оның кеңеюі есте сақтау және ми қызметін дамыту үшін қажет.

Бұл қоректік зат оқу процесінің дұрыс дамуы үшін өте мңызды. Физетиннің жетіспеушілігінен жаңа нейрондық байланыстардың пайда болу процесі қиындайды. Бұл қоректік зат құлпынай, қызанақ, пияз, алма, шабдалы, киви және жүзімде болады.

В12 дәрумені. В12 дәрумені Альцгеймер ауруы сияқты дегенеративті процестердің алдын алу үшін таптырмайтын дәрумен. В12 дәрумені жүйке жүйесі үшін елеулі рөл ойнайды. Ол жүйке жүйесін қорғайтын және жүйкенің, яғни жіберілуі тиісті ақпараттың тиімді түрде берілуін қамтамасыз ететін жүйке талшығы қабықшаларының (миелин қабықшалары ретінде де белгілі) қалпына келуі мен жаңадан түзілуіне жауапты. Жад пен зейін жұмысына ықпал етеді. В12 ет өнімдерінде, сонымен қатар жұмыртқа мен сүтте, аз мөлшерде байытылған дәнді дақылдарда кездеседі.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 35 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: