23:08 Ғажайып ми | |
МИҒА ЕҢ КЕРЕКТІ ДӘРУМЕНДЕР Уақыт өте келе ми қызметі нашарлауы мүмкін. Әйтсе де, пайдалы дәрумендерді пайдалану арқылы бұл процесті баяулатуға болады. Біз күнделікті қолданатын азық-түлік құрамында миға пайдалы түрлі дәрумендер болады. Негізі, барлық дәрумен миға пайдалы. Бірақ кейбірі ерекше пайдалы. Нақты бір дәрумендердің жетіспеушілігі біздің ой-қабілетімізге теріс әсер етеді. Қазіргі заманғы медицина ғылымының тұжырымы бойынша, ағзада әрдайым кейбір дәрумендер және микроэлементтер қоры болса, егде жас кезінде де ой-қабілеті күшті, ақыл-есі жақсы болады. Ол қандай дәрумендер? Енді соларға тоқталайық. Темір. Ол – майсыз қызыл етте (сиыр еті, қой еті), майлы балықта (сардина, макрель, шабақ, тунец) көп кездеседі. Темір тауық, күркетауық еті, жаңғақ, бадам және басқа да жемісте, өрік пен құрмада кездеседі. Ұндай азық сіздің ас мәзіріңізде сирек кездессе, ағзада темір жетіспеушілігі пайда болады. Сол үшін құрамында кем дегенде 7 мг темірі бар дәрумен мен минерал ішу арқылы оның орнын толтыру керек. Ол не үшін керек? Әйелдердің ағзасы 12 жастан бастап 40 жасқа дейін темірді қажет етеді. Әдетте, оған күнделікті тағама болатын темір мөлшері жеткіліксіз. Сондықтан қосымша дәрумен ішу қажет. Ағзада темір жетіспеуінен адамның байқампаздығы әлсіреп, тез шаршайды, күйзеліске ұшырап, ақыл-ой қабілеті төмендейді. Зерттеу көрсеткендей, күнделікті ас мәзірінде темірді көп пайдаланатын оқушы қыздар мектепте үздік үлгерім дәрежесін көрсеткен. Ал ұл балалар темірді азырақ қажет етеді. Алайда заңдылық біреу – ағзадағы темір аз болған сайын, ми жұмысы әлсірей түседі. Омега-3. Ол – мидың саулығы үшін ең танымал нәрсе. Бұл – май қышқылы мидың сұр затының құрамдас бөлігі және оны сақтау үшін тікелей әрекет етеді. Бұдан басқа, гормоналды бақылау және босату арқылы көңіл-күйді реттеу сияқты жад пен зейінді бақылауға жауапты. Оны лосось, тунец, сардина, скумбрия сияқты балықтардан табуға болады. Америкалық диетологтардың зерттеуі көрсеткендей, омега-3 қышқылын күнделікті ас мәзірінде көбірек пайдаланған егде жастағы адамдарда ақыл-ойдың әлсіреуі аз кездеседі. Олар назар салу қабілетін сақтайды. Лютеин. Бұл – ми үшін ең жақсы қоректік заттардың бірі және қара жасыл көкөністер, жұмыртқа мен авокадода болады. Ол сұр заттардың сақталуында маңызды рөл атқарады. Бұл егде жастағы адамдардың ми жасушаларын отыз жасқа толмаған адамдардікімен бірдей етеді. Мидың қартаю процесін баяулатады. Бұған қоса, лютеин көздің көру қабілетін жақсартады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |