13:15
Ғажайып ми

МИДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН ӨСІМДІКТЕР

Шалфей – қабынуға қарсы антиоксидант, оны дәрігерлер көбіне тіс ауруын немесе асқазандағы дертті жою үшін сорпа ретінде тағайындайды. Шөп шығыстық тағамда тәбетті жоғарылату және жағымдылығын жақсарту үшін жиі қолданылады. Шалфейдің ерекшелігі – қандағы қантты төмедндету. Бұл – мидың жұмысымен тікелей байланысты.

Куркума – дәмдік бүршіктерге әсер ететін хош иісті дәмдеуіш. Ол әлемнің көптеген халықтарының тағамдарында ет және көкөніс тағамдарында қолданылады. Өнім көңіл-күй мен тәбетті жақсартады. Толықтыққа бейім адамдар бұл дәмдеуішке сақ болу керек.

Женьшень – қабынуды жеңілдететін және қандағы қантты төмендететін керемет дәрі. Нарықта көбінесе құрғақ қоспалар түрінде сатылады. Оның әсері нөле тең. Женьшень тамырын табиғи шикізат түрінде сатып алып, шай тұнбалары ретінде ішу керек. Өнім иммундық жүйені қолдайды және дененің энергиясын арттырады. Женьшеньді жиі қолдану мидың жақсаруына және гормноалды жүйенің жұмысына әкеледі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 33 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: