16:30 Ғажайып ми | |
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР Авокадо. Авокадоның бір түйірінде шамамен 22,5 грамм май қышқылы бар, ал май қышқылының 2/3 бөлігі қанықпаған ерітіндіден тұрады. Бұл ерітінді мидағы қан айналымын жақсартып, нейронды байланысты қатайтады. Оған қоса, авокадода ақуыз, талшық, Е дәрумені, фолий қышқылы және калий болады. Бұл заттардың барлығы ми үшін маңызды. Дәнді дақылдардан жасалған өнімдер. Бүтін дәнді азықтар сізге қандағы қант тепе-теңдігін бір дейгейде ұстауға көмектеседі. Бұл сіздің миыңызды құнарлы заттардың жетіспеушілігі қатерінен сақтайды – дәнді дақылдардан жасалған өнімдер әсері ұзаққа созылатын созылатын қуатты энергетикалық ресурс болып табылады. Брокколи. К дәрумені – бұл қырыққабатта кездесетін дәрумен. Ол адамға белсенді ақыл-ой процестері үшін қажет. Брокколи – В4 дәруменінің (холин) көзі. Ол миды, жаңа жасушалардың өсуін ынталандырады. Сонымен қатар, В4 жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді, қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіреді. Баклажан (баялды). Баялдыда антоцианиндер мен антиоксиданттар өте көп. Олар адамды склероздың мезгілсіз өріс алуынан сақтайды. Тіпті егде жаста да ақыл-ойдың айқындығын сақтау үшін, баялдыны ас мәзірінен алып тастамаған жөн. Грек жаңғақтары. Басқа жаңғақтармен салыстырғанда, грек жаңғақтарының құрамында өте көп мөлшерде Е дәрумені болады. Е дәрумені миды, қартаюмен бірге келетін бүлдіргіш процесстер мен аурулардан сақтайды. Жаңғақтың құрамындағы белоктазилин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарылатады. Сондай-ақ жаңғақтың барлық түрлері, мысалы, орман жаңғағы, пістелер мен бадам жаңғағы миға қажетті элементтерге бай. Майлы қышқылдар (омега-3, омега-6), темір, фосфор, фолий қышқылы, Е және В6 дәрумендері жаңғақ құрамында көп мөлшерде кездеседі. Бразилия жаңғағы мидағы қан айналымын жақсартатын селенге бай болып келеді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |