11:57 Ғажайып ми | |
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР Аскөк. Аскөк мидың жұмысын жақсартады әрі кәрілікті баяулатады. Раш Университеті Медициналық орталығының мамандары жасыл жапырақты көкөністер есте сақтауды жақсартуға және басқа да когнитивті функцияларға көмектесе отырып, мидың қартаюын тежейді дейді. Бұл туралы Neurology журналында жарияланған. Зерттеуге орта жасы 81-дегі егде жастағы 960 адам қатысқан. Олар әдетте қалай тамақтанатындары туралы сауалнамаға жауап беріп отырған. Сондай-ақ қарттар жыл сайын когнитивті қабілетке (есте сақтау, ойлау, назар аудару) қатысты тестілер орындаған. Ғалымдар зерттеуге қатысушыларды көкөністерді қанша тұтынатындарына қарай 5 топқа бөлген. Зерттеу нәтижесінде, жалпы алғанда жыл сайын барлық қатысушының ойлау қабілеті 0,08 стандартты бірлікке төмендеген. Бірақ күн сайын аскөкті көбірек тұтынғандардың миы кәрілікке төтеп беретіні анықталған. Зерттеушілердің айтуынша, олар көкөніс жегендерге қарағанда 11 жылға жас көрінген. Шпинат. Шпинат құрамында ми жасушаларының бұзылуын болдырмайтын антиоксиданттар, сонымен бірге деменцияның пайда болу қаупін азайтуға көмектесетін магний, фолий қышқылы, Е және К дәрумені бар. Шпинаттың жапырақтары ми жұмысын жақсартатын заттардың таусылмас қоры. Фолий қышқылы, В6 мен В12 дәрумендері темірмен қосылып, есте сақтау қабілетін жақсартушы құралға айналады. Талшық. Талшық ағзаны токсиндерден «тазартып» қана қоймайды, сонымен қатар ми жасушаларының жаңару процесін ынталандырады, бұл есте сақтауды лайықты деңгейде ұстап тұруға септігін тигізеді. Мұны АҚШ-тың Ұлттық онкологиялық институтының жаңа зерттеуі дәлелдеді. Талшықтар көбінесе дәнді дақылдар, жаңғақтар, көкөністер және бұршақ дақылдарында кездеседі. Зат алмасуды ынталандыру үшін күніне 10-15 грамм талшық жеген жеткілікті. Мысалы, қайнатылған жасымықтың стандартты порциясының құрамында 8 грамм талшық бар. Ал 100 грамм бадамда шамамен 9 грамм, бір кесе сұлыда – 4 грамм, 100 грамм қара өрікте – шамамен 6 грамм талшық болады (қара өрік ішекке де пайдалы – оны токсиндерден тазартады). Мейіз. Аш қарынға күнделікті 7 немесе 21 дана мейіз жеңіз. Бұрынғы Ислам ғалымдары есте сақтау қабілетін жақсарту үшін және қалыпты ұстап тұру үшін күнделікті мейіз қолданған. Мейіздің құрамында А, В1, В2, В5 және В,, С дәрумендері бар. Сондай-ақ мейіздің құрамына темір, бор, магний, кальций, калий, хлор және фосфор кіреді. Мейіздің пайдалы қасиеттері балғын жүзімнің пайдалылығымен түсіндіріледі, алайда балғын жидекке қарағанда қақталған мейізде дәрумендер 10есеге көп болады. Құрамындағы В дәрумендерінің есебінен мейіз жүйке жүйесінің, ұйқының жақсаруына ықпал етеді. Тынышталдырғыш және жалпы шаршағанды басады. Есте сақтау қабілетін жақсартады. Алма. Массачусетс штатының университеті эүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, алма мидағы нейротрансмиттер ацетилхолиннің санын көбейтеді. Ол мидың жаңа құрылымдарды құрып, өзгертуге көмектесетін нейропластикалық модуляцияның қызметін іске қосады. Мидағы ацетилхолиннің артуы есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етіп, Альцгеймер ауруының алдын алады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |