10:37 Ғажайып ми | |
МИДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ТАҒАМДАР ЖЕУ КЕРЕК? Ми – адам бойындағы жауапкершілігі мен қызметі өте ауыр ағза. Оның толыққанды жұмыс істеуі үшін, соған лайықты азық керек. Біздің күнделікті жейтін азық-түлігіміз мидың жұмысына, есте сақтау қабілетіне, зейінді шоғырландыру қабілетіне және тіпті Альцгеймер ауруының алдын алуға да әсер ете алады. Егер сіз «миымның жұмысын жақсарту үшін не жесем болады?» деп ойланып жүрген болсаңыз, біліп қоыңыз. Жалпы, миды шаршатпай жұмыс істетіп отыру үшін оған ең керегі – ақуыз, қаныққан майлар, көмірсулар, С дәрумені және басқа да дәрумен түрлері. Сонымен қатар, аминқышқылы, антитотықтырғыштар мен көптеген минералдар. Сондықтан сізге денсаулығыңызды нығайтып қана қоймай, ақпаратты әлдеқайда тезірек ұғынуға көмектесетін, миыңыздың жұмысын жақсартатын азықтар тізімін біліп жүрген маңызды. Организмге қажетті ең тиімді тағамдар біздің күнделікті ас мәзірімізде болса, жетіп жатыр. Негізі, мидың жұмысын жақсартып, оған қуат беріп отыратын азық-түліктер жетерлік. Алайда олардың ішіндегі ең тиімдісін әрі мамандардың тағайындағандарын тұтынған жөн. Сондықтан тек пайдалы азықтармен тамақтанып, миыңыздың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етіңіз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |