10:26
Ғажайып ми

ТАМАҚТАНУ мен МИДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

Ми тек оны қоректендіретін заттардың жиынтығы ғана емес, бірақ әр азық-түліктің компоненті оның жұмыс істеуіне, дамуына, көңіл-күйіне және энергиясына айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, егер сіз түстен кейін немқұрайдылықты сезінсеңіз немесе кешқұрым сергек болсаңыз, бұл тамақтың миыңызға әсері болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты, дұрыс тамақтануға дағдыланған дұрыс.

Дұрыс тамақтану қандай принциптерден тұрады? Бұған қатысты теориялар көп. Біреу еттен бас тартса, біреу тамақты шикідей жеген жөн дейді. Ал біреулер тамақтың сіңіп, қорытылуы үшін бір-бірімен үйлесетін тамақты ғана жеу керек дейді. Дәрігерлер мен диетологтардың айтуынша, тамақтың қандай да бір шектеулері пайдалы болмайды деген пікірде. Адам ағзасы, әсіресе, оның миы – өте күрделі жүйе, оның қалыпты қызмет етуі үшін ет те, жеміс-жидектер де, дәнді дақылдар да қажет. Мысалы, еттің құрамындағы темір сияқты пайдалы заттардың жетіспеушілігі денсаулықта күрделі кінәраттардың туындауына әкеле алады. Дұрыс тамақтану тек калорияларды есептеу және қатаң диеталардан емес, ағзаны толыққанды рационмен қамтамасыз етуден тұрады. Рационды таңдау – дұрыс тамақтануды қамтамасыз етудің басты талаптарының бірі, сонымен қатар оны күнделікті қадағалап отыру да өте маңызды. Сонымен қатар, ғалымдар тамақ мөлшеріне аздаған өзгеріс енгізу ақыл-ой жұмысына оң әсер етеді дейді. Организмді жүйелі түрде ми жұмысына көмектесетін дәрумендер мен нутриендер, микроэлементтермен қоректендіріп отырса, жадтың күшіне әсер етеді. Оны әрбір адам өзінің ағзасы, денсаулығы, салмағы т.б. бойынша реттеп алса болады. Бірақ көп тамақтанбай, аз тамақтануды әдетке айналдыру керек. «Дәрінің ең жақсысы – аз тамақ» деген даналық сөздер текке айтылмаған. Ол миға да тікелей қатысты.

АҚШ-тың тамақтану саласының маманы Марси парацель көп жеудің миға әсері туралы былай дейді: «Көп жеу мидың денсаулығына қауіп төндіреді. Ми қан тамырлары қабырғаларының ауырлауына, яғни атеросклероздың пайда болуына және ойлау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Бұған қоса, қант пен тәтті-дәмділерді көп жеу – протеин мен тамақтың бойға сіңуін тоқтатып, дұрыс тамақтану мен ми қызметінің бұзылуына себеп болуы мүмкін».

Жалпы, адамның дұрыс өмір сүріп, миының да саулығын қамтамасыз етуі үшін медицина ғалымдарының тамақтануға қатысты ұстануға кеңес берген мына үш қағиданы ұстанғаны жөн:

  1. Аз тамақ жеу;
  2. Үйлесімді тамақ жеу;
  3. Тек қарын ашқанда тамақ жеу.

Бұдан артық қандай кеңес қажет. Ендеше, аз, үйлесімді және тек қарын ашқанда ғана тамақтанып, мидың саулығына, дұрыс істеуіне атсалысайық!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: