22:57
Ғажайып ми

МИ ӨЗГЕРСЕ, АДАМ ДА ӨЗГЕРЕДІ

Біз жылдар бойы адамның бала кезде қалыптасқан миы ер жеткен кезде өзгермейді деп ойлап келдік. Алайда соңғы зерттеулер оны пластикалық полимер сияқты созып, илеп, қажетті пішін бере алатынымызды дәлелдеді. Ми өзгермейтін сұр зат емес, ол әлдеқайда әмбебап әрі иілгіш қасиетке ие, бірегей ағза.

Барлығы 1997 жылы шеведтік нейробиолог Питер Эриксонның ересек адамның миы жаңа нецрондар «өндіре» алады деген жаңалығынан басталды. Адам қартайған сайын нейрондары да өледі және қалпына келтіру мүмкін емес деген пікір жоққа шығарылды. Эриксонның бұл жаңалығы ғылымдағы жаңа сала – нейропластиканың дамуына жол ашты.

Сонымен, жаңа нейрондарды қалай өсіруге болады? Адам үнемі сыртта болып жатқан оқиғалардың әсерін сезеді. Егер сіз бір іспен үнемі шұғылданатын болсаңыз, мида сол қабілетке арналған жаңа нейрондық жол пайда болады. Жаңадан үйренген қабілетіңізді қайталай беретін болсаңыз, нейрондық жолдар қатайып, онда миелин бөлініп, электрлік импулсьтердің өтуін тездетеді. Мысалы, сіз шет тілін үйренуге бастасаңыз, мида жаңа нейрондық байланыстар пайда болады да, тіді тереңдеп оқып, практикаға енгізген сайын, нейрондық жолдар кеңейіп, үйренгеніңізді ұмытпайтын деңгейге жетесіз. Бір қызығы, нейрондық жолдар бір-бірімен бәсекеге түсіп, қолданылмаған нейрондар өліп қалады екен. Сондықтан үйренген нәрсені де ұмытпай қайталап отыру маңызды. Жаңа нейрондардың қалыптасуы тек қана тіл үйрену сияқты біліми мәселелерде ғана емес, адамның мінз-құлқы да өзгереді деген сөз. Егер адам мінезін өзгерту мақсатында белгілі бағытта әрекет ететін болса, көп ұзамай мінезінде де өзгерістер пайда болады. Сондықтан өзімізді өзгерткіміз келсе, миымызда жаңа нейрондар қалыптастыруға тырысуымыз керек екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 44 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: