11:49
Ғажайып ми

МИЫҢЫЗДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ТЕКСЕРІҢІЗ

Ұшқыр қиялға мидың оң жақ бөлігі жауап берсе, логикаға сол жақ бөлігі жауапты. Әдетте, олардың біреуінің қызметі екіншісінен басым келеді. Миыңыздың бөліктері қалай жұмыс жасайтынын біле отырып, оның белсенділігін арттыра аласыз.

Миының сол жпқ бөлігі жақсы жұмыс істейтін адамдардың қасиеті:

  1. Кез келген ақпаратты толықтай қабылдап, детальдарына мән береді.
  2. Сөздер мен цифрлармен жақсы жұмыс жасайды. Яғни, сөздік қоры мол, есепті жақсы шығарады.
  3. Детальдарды анализдеу арқылы рахатқа бөленеді.

 

Миының оң жақ бөлігі жақсы жұмыс істейтін адамдардың қасиеті:

  1. Ақпараттарды тұтастай қабылдап, детальдарына көп мән бермейді. Бастапқыда картинаны тұтастай көргенмен, детальдарына кейбір жағдайда ғана мән беруі мүмкін.
  2. Қиялы ұшқыр, жаңа дүниелерді ойлап табуға бейім келеді.
  3. Салынған суреттер мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талғанды жақсы көреді. Көпшілік адамдардың ми бөліктері жұмыс істеу жағынан бір-біріне басымдылық танытады. Алайда ғалымдар жайында бұлай айтуға болмайды. Мысалы, Эйнштейн миының екі бөлігі де үйлесімді түрде қызмет атқарған. Оның зерттеу арасында скрипкада ойнап, шығармашылыққа да ұмтылатындығының себебі осында. Миыңыздың қай бөлігі нашар қызмет атқаратындығын анықтап, оны түзетуге күш-жігеріңізді салыңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 49 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: