10:25
Ғажайып ми

МИДЫҢ ОҢ ЖАРТЫ ШАРЫ және СОЛ ЖАРТЫ ШАРЫ ТУРАЛЫ

 Діндарлық: діндарлық пен мистика үшін оң жарты жауап береді.

Армандар: армандарға да оң жарты шар жауап береді.

Ақпаратты параллельді өңдейді: Оң жарты шар бір уақытта көптеген әртүрлі ақпараты өңдей алады. Ол мәселені талдауды қолданбай тұтастай қарастыра алады. Сондай-ақ оң жарты шар адамның жүзін тануға жауапты, соның арқасында біз белгілердің жиынтығын тұтастай қабылдай аламыз.

Дененің сол жақ бөлігінің қозғалыстарын басқарады: Егер сол қолыңызды көтерсеңіз, оны көтеру бұйрығы оң жарты шардан шыққанын біліңіз.

Егер адамның оң жақ ми сыңары ғана жұмыс істейтін болса, ол сөзге сараң болады, өз ойын ишаратпен, ыммен түсіндіруге әуес келеді. Өте қатты айтылған сөздер болмаса, ақырын сөйлеген сөздерге мән бермейді және ол сөйлемді барынша келте құрады. Жалпы алғанда, оң жақ ми сыңары жұмыс істейтін адамның қимыл-әрекеттері сол жақ ми сыңары ғана жұмыс істейтін адамға мүлде керісінше болады. Тіпті уақыттың өзі әр жарты шар үшін екі бөлек қасиетке ие. Оң жарты шар тек дәл қазіргі уақытты басқара алады. Зақымданған жағдайда, болам айту адамға қиын болады. Ал сол жарты шар оқиғаның хронологиялық кезектілігіне мән береді.

Қорыта келгенде, мидың сол жақ сыңары абстрактілі ойлау, ал оң жақ ми сыңары нақты бейнелеп ойлау қызметін атқарады, яғни оң жақ ми сыңары әлем құбылысын барынша бай және алуан түрлі қалпында қамтиды да, сол жақ ми сыңары осы әлемдегі үйлесімділік пен құбылыстың туу салдарын іздестіріп табады. Ми сыңарларының бір-біріне қарама-қарсы әрекет жасауында да Жаратушының сыры жатқандығы даусыз. Іс жүзінде қалыпты психикалық әрекет мидың екі сыңарының да үйлесімді жұмыс істеуінен болады. Демек, ми сыңарлары бір-біріне тәуелсіз бола тұра олардың арасында өзара күрделі қарама-қарсы байланыстары бар. Сонымен қатар адам миының жалпы қызметі оң және сол жақ ми сыңарларының қабілеттерін үйлестіре реттеп отыру арқылы жүзеге асады. Мидың жарты шарлары ақпаратты былай алады: сезім мүшелері арқылы жүретін жүйке талшықтары – вестибулярлық құрылғыларына және тері, бұлшық ет рецепторлары – ми шарына өтеді. Дегенмен биологияда қалыптасып қалған нақты қағида жоқ. Өйткені кейбір көру және есту арқылы алынатын ақпаратқа жауапты жүйке өзінің талшықтарын сол жарты шарға да, оң жарты шарға да жіберетіні анықталған.

Жалпы, мидың сол жарты шары логика мен тәртіпті өте қажет етеді. Өйткені бір нәрсенің нақты мағынасы болмаса, ол шындықты бұрмалайды, кейде әсірелеп жібереді. Ол сөздерді мықты пайдаланады және сендіру, қанағаттандыру қабілеті өте мықты келеді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, адамның барлық құпиясын мидың сол жарты шары жасырады екен. Мидың сол жақ бөлігі әр жағдайға қисынмен қарап, соны бір қисынға сәйкестірмек болып талдау жасайды.

Оған қарағанда мидың оң жарты шары шыншыл. Ол болып жатқан оқиғаға объективті реакция көрсетеді. О қабылдаудың кеңістігін басқарады, біз қол тигізетін нысандарды талдау жасайды және моторлы көруге арналған тапсырмаларды тамаша орындайды. Мидың оң жақ жарты шары – «әртіс» немесе «сезімтал» емес, керісінше, ұстамды, оңайлықпен әсерленбейді. Егер мидың осы бөлігіне тіл бітсе, ол тек қана «факт» деп айтар еді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 44 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: