23:18
Қазақтық

ШАПАҒАТШЫ

Психологиялық мәні:

Биологиялық тұрғыда, түсік пен шақалақтың шетінегені әйел өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Физиологиялық стресс. «Ана мен бала» қосағының бұзылуы әйел бойындағы түрлі физиологиялық, гормоналдық, жүйкесіндегі жалпыорганизмдік өзгерістер, ана болуға дайындалып жүрген организмнің тіршілігі кенеттен тоқтатылады. Жүкті әйелдің бүкіл ағзасы баланы көтеріп, оның құрсақтағы өмірін қамтамасыз етуге толығымен бағытталатынын ескерсек, ана болуға дайындалған бағыт кенеттен тоқтайды. Бұл әйел ағзасы үшін үлкен соққы. Ана бойындағы аналық тіршілік тоқтайды деуге болады. Бұл жағдай қазақта «бойы бұзылу» деп аталады. Бойдың бұзылысы әйелдің психологиялық әл-ауқатына тікелей әсер етіп, физиологиялық тұрғыда жоғалтуды басынан кешіреді.

Тумай жатып баласы шетінеген аналардың көбі психологиялық кеңес аулға келгенде кеудесін, көкірегін, жалпы тұла бойын қуыс сезінетінін, онымен қоймай, «болашақта балалы бола алмаймын-ау» деген қорқыныштарын айтады.

Сонымен бірге ана мен бала арасындағы байланыс бала құрсақта жатқанда пайда болатынын ескресек, ана өзінің ана болуға табиғи дайындығын тоқтатып, аналық үмітінен айрылады.

Құрсақтағы және жаңа туған сәбиінен айрылғанда әйел ғана емес, әке де біршама физикалық және символикалық қазаны басынан өткеретіндігі анықталған. Бұл қаза барысында адам өзі үшін маңызды «өзгені», бауыр басу сезімін жоғалтады. Ата-ана болу мүмкіндігінен айрылу, болашақтан, өмірінің жалғасынан, армандары мен өмірінің мәні, өзінің бір бөлігінен, болашақтағы шығармашылығынан, отбасының бір мүшесінен айрылып, жалпы алғанда өмірлік байланысы үзіледі. Бұны терең түсінген халқымыз бала түсігі мен нәресте шетінегенде анаға ешкі сойып, шетінеген балаға қатысты аналық сезімнің өшуі қажеттігін түйсіндірген. Бұл жерде ешкі союдың өз астары болуы мүмкін, ешкі сүті құрамы жағынан ана сүтіне барынша сәйкес болатындығын сезеген болуы да керек.

Перинаталды психологияның мамын И.Добряковтың пікірінше, адамның ата-анасы қайтқанда, адам өзінің өткенінен айрылады, ал баласы қайтқанда – болашағынан айрылады.

Қазіргі таңда құрсақтағы баланың түсуі, аборт жасау мәселелері таңсық дүние болудан қалды. Көптеген әйелдің әлеуметтік өмірінің маңызы бойдағы бұзушылықтарды қолдан жасауға итермелеп отыр. Алайда, қолдан жасалса да, табиғи түсік тастау барысында да қазақ айтқан және жоғарыда көрсетілген бой мен психологиялық әл-ауқатқа қатысты бұзылыс болады.

Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, ана аборт жасау барысында «бойы бұзылудан» басқа психологиялық тұрғыдан өзін-өзі жеу, кінәлау, өмірілік мәселелерінің шиеленісі, өз құндылығы мен маңыздылығын жоғалту сияқты мәселелермен көбірек кездеседі екен. Бұған қоса, жүктілігін тоқтату барысында әйел адам өз құрсағындағы шарананың өмірін тоқтату туралы шешім қабылдағанда:

- өз бостандығын өзінше мағынасыз пайдалану;

- адам өмірінің тәмам болатындығы;

- өмірлік кінә;

- саналылық;

- таңдау жасау барысындағы жауапкершілік;

- әрекеттің салдары сияқты өмірлік мәселелермен кездеседі.

Алайда, аталған мәселелермен бетпе-бет келудің орнына психологтың көмегіне жүгінетін қазақ әйелдерінің бойынан жылдар бойы бұл мәселелерден қашып, бой мен жан бұзылыстарын мойындамай, құр сүлдерімен тіршіліктерін жалғастыратыны байқалады.

Сондықтан, кез келген қаза кезіндегідей, құрсақтағы бала мен жаңа туған сәби шетінегенде әйел адамның психологтың сүйемелдеуіне жүгініп, өз тіршілігін жалғастыруына тосқауыл болатын бойы мен жаны деңгейіндегі бұзылыстарды қалпына келтіруге тырысуы абзал.

Жоғарыда таратылып айтылған халқымыздың бала түсігі мен жаңак туған сәбидің шетінеуіне қатысты іс-әрекеті баланың әлжуаз кезеңінде адам бола алмағандығына қайғырғандығын көрсетеді. Сонымен бірге әйел адамның бойында болатын «бойы бұзылуын» мойындағаны тағы бар.

Бұл құбылыстардың астарынан көреген халықтың «шапағатшы» сипатын көруі де тегін емес. Бала түсігі мен сәбидің шетінеуі барысында әйел мен отбасы үшін адамның құндылығы еселетенетіні сөзсіз. Экзистенциалдық психологоияда әр баланың шетінеуі ата-ана үшін жауапкершілік пен адамға деген махаббатын арттыра алатын күші бар деен сенім қалыптасқан.

Сондықтан, өмір есігін ашпай жатып, о дүниелік болған артында қалған ата-ананың өз болашағы мәселелерімен кездесіп, өмір мен өлімге қатынасын түзіп, адамға деген, одан кейін дүниеге келетін балаларына деген ерекше ыстық ықыласын сыйлайды. Сол себепті шаранасы шетінеген аналарға «шапағатшы болсын!» деп көңіл айтқан, шетінеген баланың әйел өмірінде берерін түйсіндірген абзал.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: