12:12
Қазақтық

АТ ТҰЛДАУ

 Психологиялық мәні:

Бір әйел о дүниелік болғанда жалпы әйел өшпесін, жалғасын тапсын деп шай мен жіптің берілгені сияқты, ат құйрығын кесудің астарында да азаматтық ғұмырға қатысты астар бар. Ер азамат әйел адам сияқты тыныс-тіршілікті жалғастырушы емес, тұрмыс-тіршіліктің иесі.

Халқымызда, жалпы адамзат психологиясында ер-азамат түздегі тіршілік пен қорғаныштың нышаны. Ал жылқы – қазақ азаматының тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін сенімді серігі. Сондықтан, арыстай азаматы қайтқанда, халқымыз бір тағдырдың толық қиылғанын оның түздегі тұрмыс-тіршілігінің аяқталғанын мойындаған. Яғни, бұл өмірде жалпы тыныс-тіршілік аяқталмайды, өмір ары қарай өз жалғасын табады, алайда, бір азаматтың тұрмысы аяқталады.

Бұл жосық арқылы халқымыздың әр ер-азаматын құрметтеп, олардың әрқайсысының бір төбе екендігін мойындағанын көреміз. Азаматтың ғұмыры аяқталғанда, оның серігін ешкім иеленбейді. Тұрмыс-тіршілігін жалғастыру мүмкін емес. Ат құйрығы кесіліп, бір жылдан соң асында серігі – атының да ғұмыры аяқталуы керек. Тұл атты ұрының да ұрламауынан қайтыс болған азаматтың ғұмыры мен біткен тіршілігіне деген құрметті аңғарамыз.

Бұл жосықтың мәнін қазақ психологиясында белгілі бір құбылыстың біткенін, аяқталғанын толық мойындауды білдіретін «ат құйрығын кесісу» немесе «ат кекілін кесісу» сөз тіркесі жеткізе алады. «Ат құйрығын кесіпті» тұрақты тіркесінің мәні қарым-қатынастың аяқталғанынан хабардар етеді.

Ат құйрығын кесу арқылы халқымыз бір төбе ұлының ғұмырының және тіршілігінің аяқталғанын мойындағанымен, ел көшкенде атақты батырлардың қыздарының әке атын ерттеп, әке найзасына байланған жалауды ту қылып көш бастауында үлкен мән бар. Қыз ғұмыр – өмір жалғастырушы екенін, әкенің – оқ жонудың бастауы екенін ескерсек, бұл салттан бір батырдың о дүниелік болғанымен, бұл өмірде батырлықтың бітпегенін, ары қарай жалғасын табуын қалағанын көреміз.

Сүйекті жерлеуге апаратын табытты ағаштан жасап «ағаш ат» деп атауы – азаматты өмірлік сапарының жалғасын тек өзінің жансыз жалғастырып бара жатқанын мойындағанын білдіреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: