22:59
Қазақтық

СЕН ТҰР, СЕН ШЫҚ!

Сен тұр, сен шық! – бұл ойынды 4-5 адам бірігіп ойнайды. Қалғандары көрушілер қатарында болады да, кезектері келгенде ойынды әрі қарай жалғастырады.

Ойынға қатынасушылардың бәрі де саусақтарын столдың үстіне салып, өздері үстелді қоршап отырады. Ойынды алғаш бастайтын ойыншы тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ саусағымен үстелдегі саусақтарды санап шығады:

- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15... Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның санау сөздерін айта береді.

1. Бірім-бірім,

2. Екім-екім,

3. Үшім-үшім,

4. Төртім-төртім,

5. Бесім-бесім,

6. Алтым-алтым,

7. Ауыр балтам,

8. Қалың қалтам.

9. алтай-сәлтай.

10. Балақай-алақай.

11. олпық.

12. Солпық,

13. Сен бұқ (бұл саусақ ішіне қарай бүгіледі).

14. Сен тұр (бұл саусақ басын тік көтереді).

15. Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, саптан шығады).

Ендігі кезек тік тұрған саусақтан басталып, тағы да әрі қарай жоғарғы санау сөздері қайталанады да, 15-ші сөзге жетіп, «Сен шық» дегенде он бесінші саусақ тағы да саптан шығады. Ойынның барысында әркім өз саусағын тезірек түгел есептеп шығарып алуға тырысады. Саусақтары ең соңында қалған адам жазаланады.

Осы 15 сан айтылып отырғанда «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін алдын ала есептеп болжап алуға болады. 3, кейде 2 саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрынғы кезек тәртібімен әлгі санау сөздері қайталана береді.

«Бүк» дегенде бүгіліп қалған саусақтар, яғни 15-ші сөз келгенде «Қасқырдан бұғып қалған бес түліктің бірі» деп есептеледі де, сол ойыншының құлағына былай деп айғайлайды.

Мысалы, бұғып қалған лақ десе:

Бөрте лағым, бөртимеші.

«Шөре-шөре!»

Құлын десе:

Кер құлыным, кекимеші.

«Құрау-құрау»»

Бұзау десе:

Жалпақ танау

Жас бұзауым, жамырама,

«әукім-әукім!»

Қозы десе:

Момын қозым, монтия қой.

«Пұшайт-пұшайт»»

Ең соңында қалғандар үшін шартын ойнаушылар өздері келісіп белгілейді. Ойын ақыл-ойды дамытып, бағыт-бағдар береді. Тіл жаттықтырады, жүйке-жүйелерін шыңдайды. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 45 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: