22:55 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР 13. Сіңір желісінен қан алу Жылқының табанына қан түскенін аңғармай жүре беруден қан жоғарылап сіңір желісінің (қуысының) тамыры қатайып, жуандаудан жылқының аяғы кетеді. Емдеу тәсілі. Аттың қан түскен аяғына сиырдың жас тезегін тұз қосып орап таңады. Бұл орауды күн сайын ауыстырып тұрады. Осылай 5-7 күн істейді. Одан кейін сіңір желісіндегі тамырды үш елідей тереңдікте қандауырмен шаншиды. Күтімді бір жылға дейін жасайды.
14. Шаша қуысынан қан алу Жүйрік ат жарыс кезінде қатқақ жерге шабудан табаны дүңкіп қан түседі немесе қыста мінген атының күтімі дұрыс болмаса табаны үсініп тоңызағаннан табанға қан түседі. Емдеу тәсілі. Қан түскен табанды қазан-қараша айларында немесе көктемде қандауырлап, онан кейін 3 шақырым қашытыққа жетелеп жүру керек. Сол кезде екі санның ішкі жұқа еті қызарып білінсе жақсы. Жалпы тәжірибелі атбегілер бәйге атын екі жыл сайын алдын ала сақтану мақсатында қандауырлап отырады. Табанынан қан алған жылқыны 45 күн күтімде ұстайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |