ШАБАНДОЗДЫҢ ЕР-ТҰРМАНЫ
- Жеңіл, шағын әрі берік болғаны абзал.
- Ердің қапталы аттың арқасына дәл жабысқан, шапқанда арқасын қажамайтын ыңғайлы болуы керек.
- Тоқымның қалың болғаны қолайлы.
- Айылдың жұмсақ болғаны дұрыс. Қаттылау болған жағдайда айылдың астарын жұмсақ затпен қаптайды.
- Жырым аттың қолтығына жетпейтіндей қысқа, айылбас пен тілі бекем тістескені дұрыс.
- Үзеңгі шабандоз баланың аяғына дәл келуі керек.
- Ердің шабандоз баланың аяғына дәл келуі керек.
- Ердің көпшігі мен қысқа қалбыры баланың тақымын қажамайтындай қолайлы болғаны абзал.
- Арқасы зор, ершік қозғалмайтын сақа жүйріктерге жалғыз төс айыл ғана тартуға болады.
- Жауырын һәм арқа сүйегі әлі жетілмеген жас жылқыларға ершік салғанда және жарыс жолы еңіс болса ері мойнына кетпес үшін шап айылды қосып тартады.
- Жүйріктің жүгенінің шығыршық және ауыздығы күш түсірмейтіндей жұқалтым, жеңіл болғаны тиімді.
- Жарыс үстінде шабандоз балаға кедергі тудырмау үшін жүйрікті шылбырсыз жібереді.
- Қамшының өрімі жұмсақ, қысқа болғаны дұрыс. Ұзын қамшы аттың шабын осып кету қаупі бар.
жиған-терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|