17:11 Атбегілік арналары | ||
ЖҮЙРІКТІҢ ЖАБДЫҚТАРЫ Жүйрік аттың басты жабдығы – өте жіңішке өрілген жеңіл ноқта-жүгендер. Бұдан кейінгісі кежім. Шабандоз ер-тоқыммен шабатын болса, онда жүйрікке арналған жеңіл ер ерттейді. Қазақ атбегілері жүйріктерді жайдақ шапқызатын болған. Жайдақ шабатын жағдай туындаса, шабандозға үлкенірек балаларды таңдап алған. Кей жағдайларда атқа шапқан баланың құйрығы ойылмас үшін жүйрікке жеңіл шағын киіз шүберек тоқым таңып, оны бір айылмен басып беретін тәсілдер де кездеседі.
Жүйрік жабдықтарына қатысты шаралар:
ТОП ЖАРАТЫН ЖҮЙРІКТІ ТАНУ Қазақ ғұрпында бәйге болардан бір күн бұрын жүйрік танитын сыншылар жарысқа түсіру үшін бапталған жылқыларды бір-бірлеп қарап шығып, бұл жолы қандай жүйріктің маңдайы жарқырап, озып келерін тап басып, айтып беретін болған. Әрине, олар көріпкел емес, бірақ бабы сәйкесіп, озып келетін жүйрікті белгі-бітімдеріне қарап ажырата алған.
Озып келетін жүйріктің белгі-бітімі:
Осы жайды білетін атбегілер «мына ат бәйгеден бірінші келеді екен» деп топшылайды. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||
|
Всего комментариев: 0 | |