18:08
"Абай жолы" роман-дәуірнамасының қысқаша баяндалуы

ПРОЛОГ

Қосымша дерек

«Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған      (1993 жылғы дерек)

Автор бұл романды 20 жыл жазған.

Роман кейіпкерлері:                                                                                                                  

  1. Абай - (Ибраһим) Құнанбаев (Құнанбайұлы) (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
  2. Құнанбай - би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты.
  3. Зере - (1785 1873) – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. Зереден Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары “кәрі әже” деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген.
  4. Ұлжан - Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы.
  5. Біржан сал — Әйгілі қазақ ақыны, сазгер.
  6. Еркежан - Оспанның бәйбішесі. Күйеуі елген соң, әмеңгерлік жолымен інісінің орнын баспақ болған қайнағасы Тәкежанға кеңілі толмайды, Абайдың ез басын кепілдікке апуды етінеді. Сұлу, қылықты, мінезді, көзі ашық Еркежан тіршілікте Абай үшін көп жақсылық жасаған адам. Байсалды, жарасты көңілмен кейін олар ерлі-зайыпты өмір сүрген.
  7. Ділда - Абайдың бірінші әйелі.
  8. Базаралы - Абайдың әкесі Құнанбаймен тартысып, айтысып өткен адам. Қауменнің баласы
  9. Шөже - шыншыл жыршы, ақын.
  10. Бөжей - Жігітек руының билеушісі
  11. Тоғжан - алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл ару.Тоғжан тазалығы, сұлулығы, пәктігі Абайдың әсемдік мұратының биік

 

нысанасы секілденіп кетеді, ол қанша ұсынса қолы жетпес алып тұғыр, мәңгі тарқамас ұлы сағыныш, орны толмас арман секілді.

  1. Қуандық - ақын қыз
  2. Салтанат - Абайдың досы, ақын қыз, Абай Семейде істі болғанда кепілдікке алып, көмек қөолын созған.
  3. Әйгерім - жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының аяулы үлгісі...
  4. Үмітей - жас қыз, Әмірдің сүйгені
  5. Керімбала - жас қыз, бойжеткен, сауыққұмар, әнші
  6. Дәркембай - кедей жатақтардың бас көтерер адамы, намысшыл,
  7. Мәкен - Абайдың келіні, Әбдірахманның жары, шын аты Мағрипа
  8. Ербол - Абайдың жан досы; екеуінің арасында өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық болды.
  9. Тәңірберген - Абайдың ағасы, Құнанбайдың үлкен баласы, романда Тәкежан деп атаған
  10. Өскенбай Ырғызбайұлы - (1773-1850) - Абайдың атасы, тобықты руының атақты биі болған. Өскенбай заманы тәуелсіз қазақ хандығы мен Ресей империясының отаршылдық заманында өмір сүрген.
  11. Жұмабай - Құнанбайға қадірі бар және Абайды Ахмет Риза медресесінен алып келген кісі
  12. Байтас - Абайды медреседен алып келген адам
  13. Майбасар - Құнанбайдың тоқал шешесінен туған інісі
  14. Қалиқа - Жұманның әйелі
  15. Тобжан - Ызғұттының әйелі
  16. Айғыз - Құнанбайдыңі тоқалы, Абайдың екінші анасы
  17. Тонтай - Абайдың нағашысы
  18. Қамысбай - Майбасардың атшабары
  19. Байсал - Құнанбайдың сенімді адамдарының бірі
  20. Қаратай - ел ісіне араласатын Құнанбайдың сенімді адамы
  21. Сүйіндік - Құнанбайдың туысы
  22. Жиренше - Байсалдың немере інісі, Шоқаның баласы, Абайдың досы
  23. Оспан - Абайдың кіші інісі
  24. Тәкежан - Абайдың ағасы
  25. Қодар - жақыны жоқ, жалғыз үйлі бір Борсақ
  26. Сағит - молданың үйіне барғанда кедергі жасаған сотқар бала
  27. Солтабай төре - Сыбан елінен шыққан, Құнанбайға Қодар мен Қамқа жайын бетіне басып айтады
  28. Қамқа - Қодардың келіні, Құтжанның әйелі
  29. Құтжан - Қодардың баласы
  30. Жәмпейіс - Қодардың жиені және бірге тұрады
  31. Бектен көсе - Сүйіндіктің Қодарға жіберген кісісі
  32. Жетпіс - Жексеннің інісі
  33. Жексен - Қодардың аталас ағайыны
  34. Әйтімбет - Қодар мен Қамқа ісінің мән-жайын білуге көмектеседі
  35. Жұмағұл - айбасардың атшабары

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 225 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: