09:07 Абай әлемі | |
«МЕН ЖАСЫМНАН КӨП КӨРДІМ...» Абайдың 1876 жылы Абралы (1827-1918) деген замандасына арнап жазған өлеңі. Барлығы 22 тармақтан тұратын 3 шумақ. Абралы оқымаған, сауатсыз адам болса керек. Сонысына қарамай ораза-намаздан қалмай, құдайға бар ықыласымен құлшылық етеді екен. Бірақ намаз аяттарын дұрыс жаттап алуға әрекет жасамаған. Абай Абралыны әжуалау арқылы дін жолын ұстаған дүмшелерді сынға алған. Тармақ саны әр түрлі буынды 3 шумақтан тұрады. Өлең алғаш рет ақынның 1933 жылы Қызылордада жарық көрген толық жинағында жарияланған. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
