23:08
Абай әлемі

«МЕН СӘЛЕМ ЖАЗАМЫН...»

Абайдың 1897 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 3 шумақтан тұрады. Ақынның нәзік лирикалық сезімге құрылған махаббат жырлары қатарында белгілі орын алады. «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да» атты өлеңіндегідей мұнда да өзінің сүйіспеншілік сезіміне жауап таппаған ғашық жігіттің іш құсасы, сағындырған жарына үзіліп, үздігіп жазған сәлем хаты түрінде жеткізіледі. Алыстан ынтығып, сырттай иемденген шарасыз жігіт өзінің жай-күйін не сәлемшіден жеткізе алмай, не қыздан жылы сөз ести алмай, іштен тынып шерменде болады. Күткен үміті ақталмауға айналғаннан кейін, үзілген күдерімен бірге өз өмірінің қызығы да сөніп бара жатқанын айтып мұңаяды.

Өлең 6 буынды шалыс ұйқаспен кестеленген. Алғаш рет ақынның 1933 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген толық жинағында жарияланды. Абайдың бұл өлеңіне композитор Н.Меңдіғалиев ән шығарған.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: