11:46
Абай әлемі

«ТӘҢІРІ ҚОСҚАН ЖАР ЕДІҢ СЕН»

(«Татьяна сөзі»)

А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романының сегізінші тарауынан 1889 жылы Абай тәржімелеген туынды. Шығарма көлемі орыс ақынында 77, Абай тәржімесінде 56 жол.

Абай 12-шумақтың соңғы 7 жолын және 13-/15-шумақтарды түгел алып, Татьянаның Петербургте Онегинге айтқан сөзін бүтіндей аударған. Орысша мәтін: «Довольно, встаньте я должна: Вам объясниться откровенно...» - деп басталады.

Абай Татьянаның Онеигн хатына жауап сөзі осылай бетпе-бет кездескенде айтылғанын атап айтпай, оны бірден. «Тәңрі қосқан жар едің сен, Жар ете алмй кетіп ең, Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ең...» - деп бастайды. Бұл орысша мәтінде мына сөздерге сәйкестендіріп алынған:

«Онегин, я когда моложе,

Я лучше, кажется, была.

И я любила вас, и что же?

Что в сердце вашем я нашла?

Какой ответ? Одну суровость...»

Осы үзінділерден көрініп тұрғандай, Абай өз өлеңінде орысша ьүпнұсқаның жалпы мағынасын ғана сақтайды, кей жерлерін тастап кетіп, кейбір сөздерді өзінше өзгертіп келтіреді. Абайдың Пушкин романынан аударған өлеңдерінің ішіндегі ең еркін аударылғаны – Татьянаның осы сөзі және «Онегинннің Татьянаға жазған хаты» («Хұп білемін, сізге жақпас...»). Абай өлеңдеріндегі өзгертулер қандай десек, тастап кеткендері сол кездегі қазақ қауымының, жастардың ұғым-түсінігіне үйелс келмейді-ау деген жерлері, қосқаны – солардың көңіліне қонымды қазақша сипаттама сөздер.

Мысалы:

«...Что ж ные

Меня преследуете вы?

Зачем у вас я на примете?

Не потому ль, что в высшем свете

Теперь являться я должна,

Что я богата и знатна,

Что муж в сраженьях изувечен,

Что нас за то ласкает двор?

Не потому ль, что мой позор

Теперь бы всеми был замечен

И мог бы в обществе принесть

Вамсоблазнительную честь?» -

деген сияқты сөздерді Татьянаға Абай айтқызбайды. Тек сыпайылап қана:

«Жат есікті және қорып,

Жара салма сен маған.

Жұрт жамандар жатқа жорып,

Жалынамын мен саған...» -

дегізіп, сыпайылықпен шектеледі.

Ал, Татьянаны қазақша ойлап, қазақша сөйлегендей етіп көрсететінін:

«Сен жаралы жолбарыс ең,

Мен киіктің лағы ем.

Тірі қалдым өлмей әрең,

Қатты батты тырнағың...

Қаймақ еді көңілімде,

Бізге қаспақ болды жем...» -

деген үзіндіден аңғаруға болады. Татьянаның алғашқы хатына жауап сөзінде Онегин өзі де: «Мен жаралы жолбарыспын, Жұрттың атқан оғы өтіп...» - деген болатын. Абай Татьянаның аузына: «Сен шошыдың ғашығыңнан, Өзге жұрттан қамшы жеп...» - деген сөзді салған. Орысша түпнұсқада онегинді бұлайша ақтау кездеспейді. Татьяна тек ол кезде сіз мені ұнатпаған едіңіз («Я вам не нравилась») дейді. Ал, бүтіндей алсақ, Татьянаны бұрынғыша адал, бірақ, кісіге сенгіштігінен арылып, өзіне сенімділігі артқан, сертіне берік, алған бетінен қайтпайтын жан етіп сипаттауы жағынан Абай Пушкинмен толық үндес шыққан. Татьянаның бұл сөзі Абайдың өзі шығарған ақынның өз заманынан бастап ел арасына кең тараған. Туынды 6-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғашқы рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған.

Ақын бұл өлеңіне ән шығарған. Ән халық арасына кең тарап, жұртшылыққа танымал болды.     

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: