15:05
Абай әлемі

ТОТЫ ҚҰС ТҮСТІ КӨБЕЛЕК...

Абайдың 1902 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 3 шумақтан тұрады. Тіршіліктен соққы көріп, оның мағынасыздығын түйсініп, мәңгілікті ойлай бастаған ақын бұл өлеңінде адам өмірінің мәні, заңдылығы хақында ой толғайды. Қазақ ұғымында ең әдемі қызыл-жасыл түс тоты құс түсі болса, Абай айтуынша сондай қызықты да тәтті өмірің – қас қағымдық ғұмыр. Табиғат тоты құс түсті көбелекше «жаз айларда гулегенмен», күз келе «өлмек», сиремек. Ал, «сүйген, сезген, кейіген», «ақылмен ойлап сөйлеген» адамды «заман сүйремек». Бірақ, адам екі түрлі: өмірді билей алмаса да жақсы кісі оған «күйлеп», табанында тапталмақ. Бәрібір екеуін де құдіретті «замана илемек». Сонда да ақын қамығып, күйректікке салынбай дұрыс өмір сүрген, заманды билеуге талпынан адамды қолдап, құптайды. Ақын өз өлеңіне жарасымды ырғақ тауып, 7,8 буынды жыр жолымен кестелеп, шұбыртпалы ұйқаспен жазған. Түпнұсқа Мүрсейіт қолжазбаларынан алынып, алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: