13:32 Абай әлемі | |
ТУҒЫЗҒАН АТА-АНА ЖОҚ... Абайдың 1896 жылы жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 3 шумақ. Адам баласының өлшеулі ғұмырының әр кезеңі Абай поэзиясынан елеулі орын алған. 1892 жылы жазған «Ысытқан, суытқан» атты өлеңінде кәріліктің шаң бере бастағаны, көңлі құрғырдың оны мойындағысы келмейтіні баяндалса, бұл өлеңінде отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізіп, ұзатылған қызбен бірге үдере көшкен ауылдың жұртында құлазып қалған жалғыз мазар секілді кәрілік деген нәубетті шын мойындайды. Дүние-тірліктің аулақтап кеткенін біле тұра «Жат қораны күзеткен қартаң шалда сана жоқ» екенін сыпайы мысқылмен жеткізеді. Өлең 8 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |