12:10 Абай әлемі | |
ҰЯЛАМЫН ДЕГЕНІ КӨҢІЛ ҮШІН... Абайдың 1901 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 4 шумақтан тұрады. Абайдың бірсыпыра өлеңдерінде өзі өмір сүрген дәуір болмысы, қазақ халқының сол кезеңдегі мінез-құлқы сипатталғаны белгілі. Абай мінезі арқылы қоғам, дәуір бейнесін беретін осындай өлеңдердің қатарына лсы туындысы да жатады. Өлеңде армандап алысқа көз тастамай, жымысқылықпен бірін-бірі алдап, бір сәттік пендешілік құрбанына айналатын шәркез шерменділік сыналады. Не достыққа, не қастыққа жарамас ондай адамдар ар мен ұятты ұмытып, көрсеқызарлыққа берілетінін шенейді. Рухани қажеттілікті ойламаған жерде тән қажетін қанағат тұтар хайуанға бейім мінез белең алатынын ескертеді. Адамдардың «сүйсе» - өтірік сүйгенситіні, сүймесе жұдырық жұмсайтын дөрекі мінезінен қоғам, заман қалпы құралатынын айтады. Ақын «Бұл не деген заманға ісім түсті?» деп қынжылады. Ақын өлеңде болмашыға мәз, арзанға алданғыш, үлкен басын қор тұтқан қара халықты сынай келіп, «Әкесі ұрысса балаға, ол да достық, баласы ұрысса әкеге жараса ма?» - деген риторикалық сауал тастайды. Ақынның бұдан халқының бала болмаса да, балаң мінезіне шарасыздығы сезіледі. Жеке адам кемшілігінен замана сырқаты құралатынын жан дауысымен айту бар. Осы тұрғыда алғанда, Абай өлеңде белгілі бір дәуірдегі қазақ ұлтының жиынтық портретін жасаған деуге болады. Өлең негізінен 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |