10:49
Абай әлемі

ХАТЫҢНАН ЖАҚСЫ ҰҒЫНДЫМ СӨЗДІҢ БӘРІН...

А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан 1889 жылы Абай аударған үзінді өлеңі. Түпнұсқада 70, аудармада 44 жол. Абай Онегиннің Татьянамен бақшада кездескендегі айтқан қыздың хатына жауап сөзін «Таңғажайп бұл қалай хат...» деп, 7-8 буынды өлшеммен бір тәржімелеген болатын. Ал, мына өлеңінде: «Вы ко мне писали, Не отпирайтесь. Я прочел...» - деп басталатын сол орысша нұсқаны 11 буынды өлшеммен түгелдей тағы қайта жазып шыққан. Абай бұл екінші аудармасында алғашқыдағыдай: «Мен жаралы жолбарыспын, жұрттың атқан оғы өтіп...», «Сен тоты құс бақта жүрген» - деген сияқты өзі тыңнан қосқан айшықты теңеулерді қолданбай, Онегинді мейлінше қарапайым тілмен сөйлетеді. Бірақ, түпнұсқада бар бейнелі салыстыруды сақтап. «Жас қыз бен жас бәйтерек – бәрі бірдей, Жапырағы тұра ма жылда өзгермей?..» - деп келтіреді. Ол жас қыздың алдында ақтарылып, ішкі сырын, бар шынын айтып салған деп түсіну, әрине, артық болар еді. Онда Абайдың Онегинді, Пушкинмен үндес шығып, түсін билеп, сыр бермейтін, кісіні не айтса да нандыратын, орны келсе, қамыққансып, қайғыратын адам деп сипаттағанын ескермеген болар едік. Онегин өзіне ғашықтық сезімін білдіріп хат жазған Татьянаның адалдығын, нанғыштығын бағалап, оған тоқтау айтып, менен гөрі сөзіңді жақсы ұғатын жігіт табылар, ұстамды берік бол деп ақыл береді. Онегиннің бүгін сүйсем, сені алсам, ертең жалығамын, баянсыз еркектің біреуімін деген сияқты сөздерінде ашудан гөрі сыпайылық басым секілді. Онегин бірбеткей, бір мінезді адам емес, қыры мен сыры мол, қатпары көп кісі. Ол Татьянаның адалдығын, таза махаббатын, сенгіштігін бағалай білсе де, жүрегі елжіреп тұрған жоқ. Бұл кездесуде ол сезімге бойын билетпейтін, өзінің бас бостандығын бәрінен жоғары бағалайтын, салқынқанды қалпында көрінеді. Ал, кейін Татьяна ерге шығып, басқа адаммен тұрмыс құрғаннан соң қайта кездескендегі Онегиннің күйі басқаша, оның Татьянаға ғашықтық сезімі сонда ғана оянады. Алғашқы рет 1945 жылы жарық көрген ақын шығармаларының 1 томдық толық жинағында жарияланған.   

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: